TGViewer
ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз @kmgpress · 9.15K subscribers
Post #12142 903
ҚМГ кен орындарда цифрлық телнұсқарларды енгізудің алдағы кезеңдерін айқындады

📱ҚазМұнайГаз өзінің өндірістік активтерінде цифрлық телнұсқаларды кеңінен енгізіп келеді. «Ембімұнайгаз» АҚ-да (ЕМГ) өткен екі күндік стратегиялық сессия барысында Шығыс Молдабек кен орнының цифрлық телнұсқасының және Интеграцияланған операциялар орталығының алдағы даму кезеңдері айқындалып, ABAI платформасын жетілдіру мәселері қаралды.

📱Шығыс Молдабек кен орнында 2027 жылдың қаңтар айына дейін қабат пен ұңғыма үлгілері, бұрғылау мен ұңғыма ішіндегі жұмыс процестері, өндіру мен жерүсті инфрақұрылымы бірыңғай цифрлық контурға біріктіріледі деп жоспарланып отыр. Бұл активтің цифрлық телнұсқасын жасауға және өндірістік деректермен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

⚙️Бұдан бұрын пилоттық жоба аясында Шығыс Молдабекте 700-ге жуық сценарийлік есептеу жүргізілді. Мұндай жұмыс көлемін орындау уақыты 38 күннен 6 күнге дейін азайды. Модельдеу нәтижелері бойынша көлбеу бағытталған алты ұңғыманың орнына екі көлденең ұңғыманы бұрғылауды көздейтін ең тиімді игеру нұсқасы анықталды. Жоба жылына қосымша 100 мың тоннаға жуық мұнай өндіру көлемін қамтамасыз етеді деп күтілуде.

💻Келесі кезеңде ЕМГ компаниясының Интеграцияланған операциялар орталығын дамыту қолға алынады. Ол өндірудің, ұңғымалар қорының, бұрғылау мен құрылысты мониторингтеуді, өндірістік ауытқуларды талдауды, сондай-ақ инженерлік шешімдердің сценарийлік бағалауын біріктіреді.

🤔Сонымен қатар іс-шарада ABAI платформасы негізінде әзірленген цифрлық құралдарды жетілдіру бағыттары қаралды. Бұл шешімдер ұңғымалардың ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарын мониторингтеу, жаңа ұңғымалардың тиімді конструкциясы мен орналастыру нұсқаларын таңдау, қабатты гидравликалық жару жұмыстарын жобалау және су айдау процесін басқару үшін қолданылады. Атап айтқанда, «Су айдауды басқару 2.0» модулі ұңғымалардың оңтайлы жұмыс режимін автоматты түрде белгілеп, су айдау көлемін оңтайландыруға ықпал етеді.

✅Айта кетсек, ҚМГ цифрлық телнұсқаларды мұнай өндіру көлемінің 90% астамын қамтамасыз ететін 12 ірі кен орнына таратуды жоспарлап отыр.

📱 ҚазМұнайГаз
  • 🔥 4
  • ❤ 2
  • 👍 1
More from @kmgpress
  1. Sep 24, 2026КМГ определил дальнейшие этапы внедрения цифровых двойников на месторождениях 📱КазМунайГа…
  2. Sep 24, 2026Әр ұңғыманың артында – үлкен жауапкершілік 🗣Қазақстанда қыркүйек айының соңғы жексенбісін…
  3. Sep 23, 2026В КМГ обсудили вопросы занятости в нефтегазовой отрасли 📍Сегодня представители Министерст…
  4. Sep 23, 2026ҚМГ-да мұнай-газ саласындағы жұмыспен қамту мәселелері талқыланды 📍Бүгін Қазақстан Респуб…
  5. Sep 23, 2026Олжас Бектенов провел совещание по вопросам развития нефтеперерабатывающей отрасли 📌Премь…
  6. Sep 23, 2026Олжас Бектенов мұнай өңдеу саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді 📌Премьер-минис…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →