ҚМГ-да мұнай-газ саласындағы жұмыспен қамту мәселелері талқыланды
📍Бүгін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ға келіп, мұнай-газ саласындағы жұмыспен қамту мәселелерін талқылады. Іс-шараға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев және ҚМГ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов қатысты.
🗣Кездесуде жұмысқа орналастыру саласындағы, соның ішінде бұл мәселеге қатысты ҚМГ өз қызметін жүргізетін өңірлердегі қазіргі жағдай қаралды. Ұлттық компания бірқатар ұсынысын жеткізді. Атап айтқанда, еліміздің еңбек заңнамасын жетілдіру, ҚМГ-ның қолдауымен әзірленген жұмыс іздеушілерді рәсімдеу мен есепке алуға арналған «E-Kezek» цифрлық жүйесін Еnbek.kz электрондық еңбек биржасымен интеграциялау, бизнестің қызметкерлерді іздеу мен жұмысқа алу жүйесіне кеңінен қатысуы, сондай-ақ мұнай секторынан тыс жұмыспен қамту бағытын дамыту.
💻Өз кезегінде министрлік осы саладағы цифрлық шешімдерді, соның ішінде Жұмыспен қамтудың цифрлық қызметін, бос жұмыс орындарын жан-жақты іріктеу және еңбек тәуекелдерін мониторингілеу құралдарын таныстырды.
✔️Жиын соңында тараптар негізгі бағыттар бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға келісті.
📱 ҚазМұнайГаз
Post #12138
737

- 🔥 3
- ❤ 1
- 👍 1