TGViewer
ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз @kmgpress · 9.14K subscribers
Post #12125 928
ҚазМұнайГаз Еуропада өз қызметін кеңейтуде: KMG International Румыниядағы ірі күре жолдардың бірінде алғашқы жанармай құю станцияларын ашты

🗣KMG International еншілес компаниясы – Rompetrol Downstream – Румынияда алғаш болып жаңа A3 күре жолының («Трансильвания автокөлік жолы») бойында жанармай құю станцияларын іске қосты. Нысандар Тыргу-Муреш қаласынан 20 км жерде орналасқан және өңірдегі негізгі көлік дәліздерінің бірінде автожүргізушілерге заманауи отын құю әрі сервистік қызметтер ұсынады.

🚨Екі жаңа жанармай құю станцияларының ашылуы - KMG International-дың бөлшек сауда бизнесін дамыту және Еуропа нарығындағы қызметін кеңейту жөніндегі стратегиясын іске асырудың маңызды кезеңі. Компания клиенттерді жоғары сапалы отынмен қамтамасыз ете отырып, заманауи талаптарға сәйкес келетін кешенді сервистік шешімдерді ұсынады.

▪️Әрбір жаңа станцияның аумағы 271 шаршы метрді құрайды, сондай-ақ тамақтану мен бөлшек сауда орындарын қамтиды.

Әр станцияның инфрақұрылымында:
➤ үш көп отынды жанармай тарату колонкасы;
➤ бір жылдамдығы жоғары жанармай құю колонкасы;
➤ ауаға зиянды шығарындыларды азайту мақсатында заманауи дизель отынымен жүретін автокөліктер қолданатын AdBlue реагентін құюға арналған жеке колонка;
➤ сұйытылған мұнай газын (LPG) құю қондырғысы;
➤ электр көліктеріне арналған төрт жедел қуаттау пункті;
➤ жеңіл автокөлікке арналған 42 тұрақ орны;
➤ жүк көлігіне арналған 11 тұрақ орны қарастырылған.

✅Жақын арада компания Брашов және Сучава қалаларының айналма жолдарында тағы төрт нысанды ашуды жоспарлап отыр.

✅2026 жылғы маусым айының соңындағы жағдай бойынша Rompetrol Downstream желісінде 1 208 отын құю нысан, соның ішінде меншік әрі серіктестік жанармай құю станциялары, Express мобильді станциялары және ішкі отын базалары болды.

✅Бөлшек сауда желісіне сондай-ақ 280-нен астам LPG қондырғысы, шамамен 7 000 баллон газын сату пункті және үш газ терминалы кіреді. Румынияның түрлі өңірлерінде орналасқан алты мұнай базасы компанияның логистикасын қамтамасыз етеді.

📱 ҚазМұнайГаз
  • 👍 4
  • ❤ 2
  • 🔥 1
More from @kmgpress
  1. Sep 23, 2026В КМГ обсудили вопросы занятости в нефтегазовой отрасли 📍Сегодня представители Министерст…
  2. Sep 23, 2026ҚМГ-да мұнай-газ саласындағы жұмыспен қамту мәселелері талқыланды 📍Бүгін Қазақстан Респуб…
  3. Sep 23, 2026Олжас Бектенов провел совещание по вопросам развития нефтеперерабатывающей отрасли 📌Премь…
  4. Sep 23, 2026Олжас Бектенов мұнай өңдеу саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді 📌Премьер-минис…
  5. Sep 23, 2026КазМунайГаз расширяет присутствие в Европе: KMG International открыла первые АЗС на одной…
  6. Sep 22, 2026CASPI BITUM наращивает производство и увеличивает объемы отгрузки 🗣За последние восемь ме…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →