TGViewer
ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз @kmgpress · 9.15K subscribers
Post #12141 682
Әр ұңғыманың артында – үлкен жауапкершілік

🗣Қазақстанда қыркүйек айының соңғы жексенбісінде Еңбек күні атап өтіледі. Осыған орай ҚМГ мұнай-газ саласында еңбегімен үлгі болып, «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатын ісімен танытып жүрген жұмысшы мамандар туралы бейнероликтер топтамасын жариялауды жалғастырады.

▪️Тәуірбай Шалабаев – «Қаражанбасмұнай» АҚ №1 мұнай өндіру цехының 6-дәрежелі мұнай және газ өндіру операторы.

▪️Ол Қаражанбас кен орнында 24 жылдан бері еңбек етіп келеді. Қызметін мұнай өндіру цехында слесарь-жөндеуші болып бастаған.

⬇️ Тәуірбай Ізғалиұлы күн сайын көлікпен 40-тан астам ұңғыманы қадағалап, олардың белгіленген технологиялық режимде жұмыс істеуіне мән береді. Өндірістегі кез келген өзгерісті дер кезінде байқап, қажет жағдайда тиісті шара қабылдау – оның күнделікті міндетінің бір бөлігі.

✅Мұндай жұмыста көп жылғы тәжірибе мен кәсіби біліммен қатар, ұқыптылық пен жауапкершіліктің маңызы зор.

— Кейде кен орынды жаяу аралап, күніне 20-25 ұңғыманы тексеремін. Далада еңбек ету оңай емес. Бірақ жұмыс болған соң, оның қиындығына да көну керек. Өйткені әр істің өз жауапкершілігі бар. Осының арқасында отбасымды асырап, бала-шағамды өсіріп отырмын, — дейді ол.


Біз әрбір қызметкердің адал еңбегін қадірлейміз, олардың маңдай терін мақтан етеміз.

📱 ҚазМұнайГаз
  • 🔥 5
  • ❤ 3
  • 👍 1
More from @kmgpress
  1. Sep 24, 2026КМГ определил дальнейшие этапы внедрения цифровых двойников на месторождениях 📱КазМунайГа…
  2. Sep 24, 2026ҚМГ кен орындарда цифрлық телнұсқарларды енгізудің алдағы кезеңдерін айқындады 📱ҚазМұнайГ…
  3. Sep 23, 2026В КМГ обсудили вопросы занятости в нефтегазовой отрасли 📍Сегодня представители Министерст…
  4. Sep 23, 2026ҚМГ-да мұнай-газ саласындағы жұмыспен қамту мәселелері талқыланды 📍Бүгін Қазақстан Респуб…
  5. Sep 23, 2026Олжас Бектенов провел совещание по вопросам развития нефтеперерабатывающей отрасли 📌Премь…
  6. Sep 23, 2026Олжас Бектенов мұнай өңдеу саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді 📌Премьер-минис…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →