TGViewer
JAQ.OrtCom.kz JAQ.OrtCom.kz @jaqortcomkz · 1.64K subscribers
Post #278 373
ℹ️ Кезекті типтік ақпараттық араңдату. Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы жүйелі түрде қайталанатын ақпараттық бұрмалау тәсілін тіркеді. Атап айтқанда, жоғары лауазымды тұлғалардың сөйлеген сөздерінен алынған шынайы бейнекадрлары ойдан шығарылған мәлімдемелер жасау және оларға ресми ақпарат сипат беру үшін қолданылуда.

Мұндай ақпараттық араңдатулар маңызды қоғамдық-саяси оқиғалардың қарсаңында және оларды өткізу кезеңінде тұрақты түрде таратылады. Олардың қатарында референдумдар мен сайлау, Үкімет құрамының қалыптасуы, мемлекеттік және атаулы күндер, сондай-ақ аудиторияның жоғары қызығушылығын тудыратын басқа да маңызды шаралар кезінде жүйелі түрде таратылады.

Соңғы мысалдардың бірі - әлеуметтік желілерде Қазақстан азаматтарына миллион пәтерді тегін беру жоспарланып отырғаны туралы тараған видеоролик.

Бұл ретте бұған дейін де бірнеше рет қолданылған тәсіл пайдаланылған: шынайы бейнекадрлар мен көпшілікке таныс дауыстар іс жүзінде болмаған хабарламаның негізіне айналған. Нәтижесінде аудиторияда ақпарат тікелей мемлекеттік органдардан немесе елдің жоғары лауазымды тұлғалары айтқандай теріс түсінік қалыптастастыруға бағытталған.

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы мұндай әрекеттерді бұған дейін де - референдум өткізу кезеңінде, сайлау науқандары мен басқа да маңызды оқиғалар барысында тіркеген. Ақпараттың мазмұны мен ақпараттық себебі өзгергенімен, оның таралу тетігі іс жүзінде өзгеріссіз қалып отыр.

❗️ Осындай хабарламалар пайда болған кезде, ең алдымен, аталған мәлімдеменің шын мәнінде жасалған-жасалмағанын тексеріп, монтаждалған бөлек үзінділерге емес, сөйлеген сөздің толық бейнежазбасы орналасқан бастапқы дереккөзіне жүгіну маңызды.
  • 👍 25
  • 🔥 4
  • ❤ 3
  • 👏 2
  • ❤‍🔥 1
More from @jaqortcomkz
  1. Sep 21, 2026🔎 Сводка официальных опровержений за период с 10 по 20 сентября 2026 года ➡️ Фейк: Беспла…
  2. Sep 21, 2026🔎 2026 жылғы 10-20 қыркүйек аралығындағы ресми теріске шығарулар жиынтығы. ➡️ Фейк: Қазақ…
  3. Sep 16, 2026ℹ️ Зарубежный ролик выдали за кадры из казахстанской школы В социальных сетях распространя…
  4. Sep 16, 2026ℹ️ Шетелде түсірілген роликті қазақстандық мектептің кадры ретінде таратқан Әлеуметтік жел…
  5. Sep 16, 2026🔎 Центр по борьбе с дезинформацией подготовил новый цикл информационно-просветительских м…
  6. Sep 16, 2026🔎 Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ақпаратты қалай қабылдайтынымыз және неге кейд…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →