TGViewer
JAQ.OrtCom.kz JAQ.OrtCom.kz @jaqortcomkz · 1.63K subscribers
Post #282 404
ℹ️ Шетелде түсірілген роликті қазақстандық мектептің кадры ретінде таратқан
 
Әлеуметтік желілерде оқушының айналасындағылардың ескертуіне қарамастан мектеп ішінде самокатпен жүрген видеоролигі тарады. Жарияланымдарда бұл ролик Қазақстанмен байланыстырылып, мектеп оқушыларының тәрбие деңгейі төмендеп, «адамгершілік құндылықтар құлдырап бара жатқаны» туралы пікірлер айтылған.
 
Бұдан бөлек, бұл қате нұсқаны жекелеген БАҚ өкілдері де таратып, роликтің нақты қай жерде түсірілгеніне қатысты өз аудиториясын жаңылыстырған.
 
Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы бастапқы материалды талдады. Түркі тілдерінің ұқсастығына байланысты роликтегі сөздерді қазақ тілінде айтылған деп қабылдауға болады.
 
Орталықтың тексеруі нәтижесінде видеоның көрші елде түсірілгені анықталды. Кадрда мұны көрсететін бірқатар аудиовизуалды белгілер байқалады. Сонымен қатар, түпнұсқа видеоны жариялаған аккаунттың Қазақстанға қатысы жоқ екені анықталды.
 
Осылайша, таралып жатқан роликтің Қазақстан мектептеріне еш қатысы жоқ.
 
❗️ Бұл жағдай бастапқы дереккөзді қарапайым тексерудің өзі қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Бөгде елде түсірілген видеоға Қазақстанға қатысты сипаттама беріліп, кейін ол қоғамдағы жағдай туралы эмоциялық пікірлер айтуға себеп болған.
 
БАҚ үшін мұндай қателік айрықша маңызды. Тексерілмеген контентті қайта жариялау болжамды ақпаратты нақты анықталған дерек ретінде көрсетуге әкеліп, өз аудиториясын жаңылыстыруы мүмкін.
  • 👏 7
  • 👍 6
  • 🔥 2
  • ❤ 1
More from @jaqortcomkz
  1. Sep 21, 2026🔎 Сводка официальных опровержений за период с 10 по 20 сентября 2026 года ➡️ Фейк: Беспла…
  2. Sep 21, 2026🔎 2026 жылғы 10-20 қыркүйек аралығындағы ресми теріске шығарулар жиынтығы. ➡️ Фейк: Қазақ…
  3. Sep 16, 2026ℹ️ Зарубежный ролик выдали за кадры из казахстанской школы В социальных сетях распространя…
  4. Sep 16, 2026🔎 Центр по борьбе с дезинформацией подготовил новый цикл информационно-просветительских м…
  5. Sep 16, 2026🔎 Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ақпаратты қалай қабылдайтынымыз және неге кейд…
  6. Sep 11, 2026ℹ️ Очередной типовой вброс. Центр по борьбе с дезинформацией на протяжении длительного пер…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →