TGViewer
JAQ.OrtCom.kz JAQ.OrtCom.kz @jaqortcomkz · 1.63K subscribers
Post #268 550
ℹ️ Әлеуметтік желілерде Қазақстан азаматтарының банктік депозиттер бойынша төленетін сыйақыға 5% салық енгізу туралы ұсыныс пайда болды деген ақпарат тарап жатыр.

Жарияланымда әңгіме депозиттің негізгі сомасы емес, банк есептейтін пайыздар туралы болып отырғанын айтады.

Бұл хабарлама - шындыққа сәйкес келмейді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, жеке тұлғаларға банктердегі салымдары (депозиттері) бойынша төленетін сыйақыларға жеке табыс салығы салынбайды.

Оның үстіне, бұл норманын күшін жою және салымдар бойынша сыйақыларға салық енгізу мәселесін Қазақстан Республикасының Үкіметі қарастырып жатқан жоқ.

Демек, елде банктік салымдар бойынша пайыздарға 5% салық енгізу ұсынылды деген тұжырымдардың ешқандай негізі жоқ.

Мұндай хабарламаларда бұл бастаманың авторы, ресми құжаттың атауы, датасы немесе осы ұсыныс айтылған алаң көрсетілмейді. Бұл – жалған ақпарат әрі манипуляциялық ақпараттың басты белгісі.

‼️ Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы азаматтарды салықтар, әлеуметтік төлемдер және басқа да маңызды өзгерістер туралы ақпаратты тек ресми дереккөздерден алуға, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі тексерілмеген хабарламаларға сенбеуге шақырады.
Telegram Экономика министрлігі 🇰🇿 ҚР Ұлттық экономика министрлігі әлеуметтік желілерде тарап жатқан банктік депозиттер бойынша пайыздарға 5% салық енгізу туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 430-бабына сәйкес, жеке тұлғаларға банктердегі…
  • 👏 11
  • 👍 5
  • 🔥 2
More from @jaqortcomkz
  1. Sep 21, 2026🔎 Сводка официальных опровержений за период с 10 по 20 сентября 2026 года ➡️ Фейк: Беспла…
  2. Sep 21, 2026🔎 2026 жылғы 10-20 қыркүйек аралығындағы ресми теріске шығарулар жиынтығы. ➡️ Фейк: Қазақ…
  3. Sep 16, 2026ℹ️ Зарубежный ролик выдали за кадры из казахстанской школы В социальных сетях распространя…
  4. Sep 16, 2026ℹ️ Шетелде түсірілген роликті қазақстандық мектептің кадры ретінде таратқан Әлеуметтік жел…
  5. Sep 16, 2026🔎 Центр по борьбе с дезинформацией подготовил новый цикл информационно-просветительских м…
  6. Sep 16, 2026🔎 Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ақпаратты қалай қабылдайтынымыз және неге кейд…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →