TGViewer
JAQ.OrtCom.kz JAQ.OrtCom.kz @jaqortcomkz · 1.64K subscribers
Post #266 552
🔈 Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығының үндеуі
 
Құрметті қазақстандықтар!
 
«Тыныштық күні» және дауыс беру күні ақпараттық кеңістікте түрлі жалған ақпарат, манипуляциялық және арандатушылық сипаттағы жарияланымдар мен бейнематериалдар таралуы мүмкін.
 
Мұндай ақпараттық араңдатулар сайлау күндері әлемнің көптеген елдерінде тұрақты түрде тіркеледі. Олардың мақсаты - дауыс беру рәсімі туралы бұрмаланған түсінік қалыптастыру және азаматтардың ел өміріндегі маңызды оқиғаға қатысты жағымсыз эмоциялық реакциясын туындату.
 
Мұндай жарияланымдарда көбіне бұрын түсірілген фотосуреттер мен  бейнематериалдар, басқа елдерге қатысты материалдар (мысалы, сайлау бюллетеньдерді жаппай жәшікке салу көріністері), түсірген уақыты мен орны көрсетілмеген бейнежазбалардың үзінділері, сондай-ақ анонимді аккаунттардан жарияланған ақпараттар пайдаланылады.
 
Заманауи технологиялар монтаж және жасанды интеллект құралдарын пайдалана отырып, осындай контентті жасауға және таратуға мүмкіндік береді. Олардың қатарында қоғамға танымал тұлғалар мен саясаткерлердің бет-бейнесі, дауысы пайдаланылған жалған фото, аудио және бейнематериалдар да бар.
 
Құрметті қазақстандықтар!
 
‼️ Ақпарат алу кезінде ресми дереккөздерге сүйеніп, мәліметтің бастапқы дереккөзін тексеріңіздер. Расталмаған хабарламаларды таратпаңыздар. Сіздердің ақпаратқа мұқият әрі жауапкершілікпен қарауларыңыз сайлау күні сабырлы әрі өзара құрметке негізделген ахуалды сақтауға ықпал етеді.
  • 👍 11
  • 🔥 4
  • 👏 2
More from @jaqortcomkz
  1. Sep 21, 2026🔎 Сводка официальных опровержений за период с 10 по 20 сентября 2026 года ➡️ Фейк: Беспла…
  2. Sep 21, 2026🔎 2026 жылғы 10-20 қыркүйек аралығындағы ресми теріске шығарулар жиынтығы. ➡️ Фейк: Қазақ…
  3. Sep 16, 2026ℹ️ Зарубежный ролик выдали за кадры из казахстанской школы В социальных сетях распространя…
  4. Sep 16, 2026ℹ️ Шетелде түсірілген роликті қазақстандық мектептің кадры ретінде таратқан Әлеуметтік жел…
  5. Sep 16, 2026🔎 Центр по борьбе с дезинформацией подготовил новый цикл информационно-просветительских м…
  6. Sep 16, 2026🔎 Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ақпаратты қалай қабылдайтынымыз және неге кейд…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →