TGViewer
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️ ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️ @denminpr · 10.1K subscribers
Post #27441 311
ҚАЗАҚСТАН МЕН БЕЛЬГИЯ МЕДИЦИНАЛЫҚ-САНИТАРИЯЛЫҚ АЛҒАШҚЫ КӨМЕКТІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

👥 Бүгін Алматы қаласында «Алматы декларациясына 50 жыл: болашақ ұрпақ үшін медициналық-санитариялық алғашқы көмектің қуатты жүйесін қалыптастыру» тақырыбында халықаралық конференция өтті.

🤝 Іс-шараға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ), Бельгия делегациясының, БҰҰ-ның Халық қоныстануы саласындағы қорының (ЮНФПА), Қазақстан мен Бельгияның жетекші университеттерінің өкілдері, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы халықаралық сарапшылар қатысты.

Конференцияның барысында қатысушылар отбасылық медицинаны дамыту, медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру, созылмалы аурулардың алдын алу және жаңа буын медицина мамандарын даярлау мәселелерін талқылады.

📌 Конференцияда сөз сөйлеген ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев Қазақстандағы медициналық-санитариялық алғашқы көмекті (МСАК) дамытудың негізгі нәтижелері мен алдағы басым бағыттарын таныстырды.

Бүгінде МСАК желісі 20,4 млн адамды, оның ішінде 7,6 млн ауыл тұрғынын қамтиды. Елімізде медициналық алғашқы көмек көрсететін шамамен 5 мың нысан жұмыс істейді. Онда 45 мыңнан астам медицина қызметкері еңбек етеді.


🙌 Реформалардың негізгі бағыттарының бірі – отбасылық медицина мен медициналық көмектің мультидисциплинарлық моделін дамыту. МСАК командаларының құрамына жалпы практика дәрігерлері, мейіргерлер, психологтер мен әлеуметтік қызметкерлер кіреді.

Аурулардың профилактикасы мен оларды ерте анықтауға ерекше назар аударылады. Жыл сайын елімізде шамамен 3,4 млн ересек тұрғын скринингтік тексерулерден өтеді. Сонымен қатар созылмалы ауруларды басқару бағдарламалары, балаларға арналған ерте араласу қызметтері және денсаулық сақтау саласындағы цифрлық шешімдер дамып келеді.

«Біздің міндетіміз – медициналық инфрақұрылымды кеңейтумен ғана шектелмей, әрбір адамның тұрғылықты жеріне жақын жерде сапалы медициналық көмекті уақтылы алуын қамтамасыз ету. Біз көрсетілген қызметтердің санын бағалаудан пациенттердің денсаулығына нақты әсер ететін нәтижелерді бағалауға біртіндеп көшіп келеміз», – деп атап өтті Тимур Сұлтанғазиев.


Конференцияда Бельгия университеттерімен ынтымақтастықты нығайту, отбасылық дәрігерлерді даярлау тәжірибесімен алмасу және медициналық-санитариялық алғашқы көмекті ұйымдастырудың заманауи тәсілдерін енгізу мәселелеріне де айрықша назар аударылды.

🇰🇿🇧🇪 Қазақстан Бельгиямен, ДДҰ-мен және басқа да халықаралық ұйымдармен әріптестікті жоғары бағалайды және бірлескен ғылыми, білім беру және практикалық бастамаларды одан әрі дамытуға мүдделі.

2028 жылы Алматы декларациясының қабылданғанына 50 жыл толуы қарсаңында конференцияға қатысушылар жалпы қағидаттарды талқылаудан нақты іс-қимылдарға көшу қажеттігін атап өтті. Бұл шаралар алғашқы медициналық-санитариялық көмекті нығайтуға және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталуы тиіс.

🌐 Ресми сайт ⚜️ Instagram
More from @denminpr
  1. Oct 15, 2026БЛАГОДАРЯ СКРИНИНГУ БОЛЕЕ 17 ТЫСЯЧ СЛУЧАЕВ РАКА МОЛОЧНОЙ ЖЕЛЕЗЫ ВЫЯВЛЕНЫ НА РАННИХ СТАДИЯХ…
  2. Oct 15, 2026СКРИНИНГТІҢ АРҚАСЫНДА СҮТ БЕЗІ ОБЫНЫНЫҢ 17 МЫҢНАН АСТАМ ЖАҒДАЙЫ ЕРТЕ САТЫЛАРДА АНЫҚТАЛДЫ �…
  3. Oct 15, 2026В Алматы впервые провели робот-ассистированные операции при раке лёгкого 🤖 В Алматинском…
  4. Oct 15, 2026АЛМАТЫДА ӨКПЕ ҚАТЕРЛІ ІСІГІНЕ ҚАТЫСТЫ РОБОТ-АССИСТЕНТТІ ОПЕРАЦИЯЛАР АЛҒАШ РЕТ ЖАСАЛДЫ 🤖 А…
  5. Oct 15, 2026КАЗАХСТАНСКАЯ РАЗРАБОТКА ПО ЦИФРОВОМУ МОНИТОРИНГУ УГРОЗ ПРИЗНАНА ЛУЧШЕЙ В СНГ 🇰🇿 Разрабо…
  6. Oct 15, 2026ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚАУІПТЕРДІ ЦИФРЛЫҚ МОНИТОРИНГТЕУ БОЙЫНША ӘЗІРЛЕМЕ ТМД ЕЛДЕРІНІҢ АРАСЫНДА ҮЗДІ…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →