TGViewer
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️ ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️ @denminpr · 10.1K subscribers
Post #27445 221
АЛМАТЫДА ӨКПЕ ҚАТЕРЛІ ІСІГІНЕ ҚАТЫСТЫ РОБОТ-АССИСТЕНТТІ ОПЕРАЦИЯЛАР АЛҒАШ РЕТ ЖАСАЛДЫ

🤖 Алматы онкологиялық орталығында роботтандырылған хирургиялық жүйенің көмегімен өкпе қатерлі ісігіне қатысты алғашқы екі операция жасалды. Әрбір операция шамамен 2,5 сағатқа созылды.

🌏 Операциялар Алматы Онкологиялық орталығының хирургтарымен бірлесіп, Харбин медициналық университетінің онкологиялық ауруханасының кеуде хирургиясы бөлімінің басшысы, Қытайдан келген профессор Сюй Шидунның қатысуымен халықаралық шеберлік сыныбы аясында орындалды.

👨‍⚕️ Сарапшының медицина саласындағы тәжірибесі 35 жылдан асады. Ол кеуде қуысы ағзаларындағы ісіктерге қатысты 3 мыңнан астам операция жасаған.

🔬 Робот-ассистентті хирургия шағын тіліктер арқылы күрделі операциялар жасауға мүмкіндік береді. Бұл ретте операциялық аймақтың үш өлшемді (3D) кескіні мен жоғары дәлдіктегі құралдар қолданылады. Тиісті медициналық көрсетілімдер болған жағдайда, мұндай тәсіл қан жоғалтуды және операциядан кейінгі ауырсынуды азайтып, науқастың қалпына келуін жеделдетуі мүмкін.

🤝 Шеберлік сабағы барысында орталық мамандары шетелдік сарапшымен бірге заманауи хирургиялық тәсілдерді, роботтандырылған операцияларға көрсетілімдерді және асқынулардың алдын алу мәселелерін талқылады.

📊 Бұған дейін орталықта роботтандырылған хирургиялық жүйенің көмегімен құрсақ қуысы мен кіші жамбас ағзаларындағы ісіктерге қатысты 20-дан астам операция жасалған. Енді бұл бағыт кеуде қуысы ағзаларының онкологиялық ауруларын емдеу саласында да кеңейіп келеді.

🫁 Өкпе қатерлі ісігін емдеуде робот-ассистентті хирургияны енгізу Алматы қаласында жоғары технологиялық онкологиялық көмекті дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады.

🌐 Ресми сайт ⚜️ Instagram
More from @denminpr
  1. Oct 15, 2026БЛАГОДАРЯ СКРИНИНГУ БОЛЕЕ 17 ТЫСЯЧ СЛУЧАЕВ РАКА МОЛОЧНОЙ ЖЕЛЕЗЫ ВЫЯВЛЕНЫ НА РАННИХ СТАДИЯХ…
  2. Oct 15, 2026СКРИНИНГТІҢ АРҚАСЫНДА СҮТ БЕЗІ ОБЫНЫНЫҢ 17 МЫҢНАН АСТАМ ЖАҒДАЙЫ ЕРТЕ САТЫЛАРДА АНЫҚТАЛДЫ �…
  3. Oct 15, 2026В Алматы впервые провели робот-ассистированные операции при раке лёгкого 🤖 В Алматинском…
  4. Oct 15, 2026КАЗАХСТАНСКАЯ РАЗРАБОТКА ПО ЦИФРОВОМУ МОНИТОРИНГУ УГРОЗ ПРИЗНАНА ЛУЧШЕЙ В СНГ 🇰🇿 Разрабо…
  5. Oct 15, 2026ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚАУІПТЕРДІ ЦИФРЛЫҚ МОНИТОРИНГТЕУ БОЙЫНША ӘЗІРЛЕМЕ ТМД ЕЛДЕРІНІҢ АРАСЫНДА ҮЗДІ…
  6. Oct 14, 2026КАЗАХСТАН И БЕЛЬГИЯ ОБСУДИЛИ ВОПРОСЫ РАЗВИТИЯ ПЕРВИЧНОЙ МЕДИЦИНСКОЙ ПОМОЩИ 👥 Сегодня в Ал…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →