TGViewer
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️ ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️ @denminpr · 10.1K subscribers
Post #27451 217
СКРИНИНГТІҢ АРҚАСЫНДА СҮТ БЕЗІ ОБЫНЫНЫҢ 17 МЫҢНАН АСТАМ ЖАҒДАЙЫ ЕРТЕ САТЫЛАРДА АНЫҚТАЛДЫ

🎗️ Қазақстанда мемлекеттік скринингтік бағдарлама шеңберінде сүт безі обырының 17 мыңнан астам жағдайы ерте сатыларда анықталды. Бұл ауруды тиімді емдеу мүмкіндігін едәуір арттырады.

🔎 Ерте диагностика әйелдер денсаулығын сақтауға бағытталған Денсаулық сақтау министрлігі жұмысының басым бағыттарының бірі болып қала береді.

🩷 15 қазан – Дүниежүзілік сүт безі обырына қарсы күрес күні. Осыған орай елімізде әйелдердің уақтылы тексеруден өтудің маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған «Қызғылт қазан» науқаны жалғасуда.

📊 Сүт безі обыры Қазақстан әйелдері арасында онкологиялық аурулардың ішінде бірінші орында тұр. 2025 жылы аурудың 5 743 жаңа жағдайы тіркелді.

2008 жылдан бері елімізде ұлттық скринингтік бағдарлама жүзеге асырылып келеді. Осы уақыт ішінде сүт безі обырының 19 018 жағдайы анықталды. Оның 17 186-сы I және II сатыларда тіркелген.

Скрининг барысында аурудың III–IV сатыларда анықталған жағдайларының саны 2011 жылғы 66-дан 2025 жылы 16-ға дейін азайды.


40 пен 76 жас аралығындағы әйелдер тіркелген емханасында белгіленген жас кезеңдерінде екі жылда бір рет маммографиялық скринингтен тегін өте алады. Бұл тексеру ауру белгілері пайда болғанға дейін сүт бездеріндегі өзгерістерді анықтауға мүмкіндік береді.

«Қызғылт қазан» науқаны аясында еліміздің барлық өңірлерінде Ашық есік күндері мен онколог-маммологтардың тегін консультациялары ұйымдастырылуда.

🗓️ 2025 жылы 8 400-ден астам әйел тексеруден өтті. Олардың 3 337-сінен сүт бездерінің түрлі патологиялары анықталды, оның ішінде сүт безі обырының 144 жағдайы тіркелді.

🔬31 қазанда Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында Ашық есік күні өтеді. Іс-шара барысында әйелдер онколог-маммологтың кеңесін тегін ала алады.

🙌 Денсаулық сақтау министрлігі скринингтік тексерулерден тұрақты түрде өтудің маңыздылығын еске салады. Сүт бездерінде қандай да бір өзгерістер байқалған жағдайда жоспарлы тексеруді күтпей, дәрігерге уақтылы қаралу қажет.

💗 Ауруды ерте анықтау емнің тиімділігін арттырып, әйелдердің денсаулығы мен өмір сапасын сақтауға көмектеседі.

🌐 Ресми сайт ⚜️ Instagram
More from @denminpr
  1. Oct 15, 2026БЛАГОДАРЯ СКРИНИНГУ БОЛЕЕ 17 ТЫСЯЧ СЛУЧАЕВ РАКА МОЛОЧНОЙ ЖЕЛЕЗЫ ВЫЯВЛЕНЫ НА РАННИХ СТАДИЯХ…
  2. Oct 15, 2026В Алматы впервые провели робот-ассистированные операции при раке лёгкого 🤖 В Алматинском…
  3. Oct 15, 2026АЛМАТЫДА ӨКПЕ ҚАТЕРЛІ ІСІГІНЕ ҚАТЫСТЫ РОБОТ-АССИСТЕНТТІ ОПЕРАЦИЯЛАР АЛҒАШ РЕТ ЖАСАЛДЫ 🤖 А…
  4. Oct 15, 2026КАЗАХСТАНСКАЯ РАЗРАБОТКА ПО ЦИФРОВОМУ МОНИТОРИНГУ УГРОЗ ПРИЗНАНА ЛУЧШЕЙ В СНГ 🇰🇿 Разрабо…
  5. Oct 15, 2026ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚАУІПТЕРДІ ЦИФРЛЫҚ МОНИТОРИНГТЕУ БОЙЫНША ӘЗІРЛЕМЕ ТМД ЕЛДЕРІНІҢ АРАСЫНДА ҮЗДІ…
  6. Oct 14, 2026КАЗАХСТАН И БЕЛЬГИЯ ОБСУДИЛИ ВОПРОСЫ РАЗВИТИЯ ПЕРВИЧНОЙ МЕДИЦИНСКОЙ ПОМОЩИ 👥 Сегодня в Ал…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →