TGViewer
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️ ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️ @denminpr · 10.1K subscribers
Post #27443 272
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚАУІПТЕРДІ ЦИФРЛЫҚ МОНИТОРИНГТЕУ БОЙЫНША ӘЗІРЛЕМЕ ТМД ЕЛДЕРІНІҢ АРАСЫНДА ҮЗДІК ДЕП ТАНЫЛДЫ

🇰🇿 Қазақстандық сарапшылар әзірлеген халық денсаулығына төнетін қауіптерді цифрлық мониторингтеу жүйесі халықаралық деңгейде жоғары бағаланды.

🗺️ Халықаралық байқау комиссиясының назарына ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар жөніндегі жедел орталығының (ҚДС ТЖЖО) негізгі цифрлық құралы – Saqbol қауіптерінің интерактивті картасы ілікті. Платформа әлем бойынша төтенше жағдайларды нақты уақыт режимінде бақылауға, оларды картада дәл белгілеуге және эпидемиологиялық, климаттық, экологиялық әрі техногендік факторларды кешенді бағалауға мүмкіндік береді.

🚨 Жүйе жедел әрекет етуді және мамандардың тереңдетілген сараптамалық бағалауын қажет ететін аса маңызды оқиғаларды автоматты түрде анықтайды.

🌍 Аумағы кең, өңірлерінің табиғи-климаттық жағдайлары әркелкі және аса қауіпті инфекциялардың табиғи ошақтары бар Қазақстан үшін мұндай мониторинг жүйесін енгізудің маңызы зор. COVID-19 пандемиясының сабақтары, сондай-ақ соңғы уақыттағы климаттық ауытқулар мен су тасқындары қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі басты факторлардың бірі – алдын ала әрекет ету қабілеті екенін айқын көрсетті.

🛡️ Saqbol картасы мен Жедел орталықтың жұмысы қауіптерді олар ауқымды дағдарысқа ұласпай тұрып анықтауға және талдауға мүмкіндік береді. Халықаралық деңгейдегі жеңіс отандық денсаулық сақтау жүйесін дамытудың таңдалған бағытының дұрыстығын растайды.

📊 Алдағы уақытта жоба авторлары мен бейінді мамандар деректерді сабақтас салалардағы қосымша ақпарат көздерімен біріктіруді кеңейтуді, бағалаудың бірыңғай өлшемшарттарын енгізуді, болжамдық талдауды дамытуды және ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайтуды жоспарлап отыр. Бұл Қазақстанға азаматтардың денсаулығын цифрлық қорғау саласындағы жетекші позициясын одан әрі нығайтуға мүмкіндік береді.

🥇 ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық денсаулық сақтауды дамыту ғылыми орталығының басқарма төрағасының міндетін атқарушы Ерік Байжүнісов пен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының стратегиялық даму және цифрландыру басқармасының басшысы Қанат Асқаровтың Қазақстан Республикасының Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар жөніндегі жедел орталығының (ҚДС ТЖЖО) трансформациясына арналған бірлескен мақаласы «ТМД елдерінің денсаулық сақтау саласы – 2026» беделді журналы ұйымдастырған конкурста бірінші орынға ие болды.

💻 Мақала «ТМД елдерінің ұлттық денсаулық сақтау жүйелерін цифрландыру» негізгі номинациясы бойынша жеңімпаз атанып, «ТМД елдеріндегі денсаулық сақтауды жетілдіру жолдары» атты конурстың басты тақырыбы шеңберінде Қазақстанның озық тәжірибесін танытты.

🌐 Ресми сайт ⚜️ Instagram
More from @denminpr
  1. Oct 15, 2026БЛАГОДАРЯ СКРИНИНГУ БОЛЕЕ 17 ТЫСЯЧ СЛУЧАЕВ РАКА МОЛОЧНОЙ ЖЕЛЕЗЫ ВЫЯВЛЕНЫ НА РАННИХ СТАДИЯХ…
  2. Oct 15, 2026СКРИНИНГТІҢ АРҚАСЫНДА СҮТ БЕЗІ ОБЫНЫНЫҢ 17 МЫҢНАН АСТАМ ЖАҒДАЙЫ ЕРТЕ САТЫЛАРДА АНЫҚТАЛДЫ �…
  3. Oct 15, 2026В Алматы впервые провели робот-ассистированные операции при раке лёгкого 🤖 В Алматинском…
  4. Oct 15, 2026АЛМАТЫДА ӨКПЕ ҚАТЕРЛІ ІСІГІНЕ ҚАТЫСТЫ РОБОТ-АССИСТЕНТТІ ОПЕРАЦИЯЛАР АЛҒАШ РЕТ ЖАСАЛДЫ 🤖 А…
  5. Oct 15, 2026КАЗАХСТАНСКАЯ РАЗРАБОТКА ПО ЦИФРОВОМУ МОНИТОРИНГУ УГРОЗ ПРИЗНАНА ЛУЧШЕЙ В СНГ 🇰🇿 Разрабо…
  6. Oct 14, 2026КАЗАХСТАН И БЕЛЬГИЯ ОБСУДИЛИ ВОПРОСЫ РАЗВИТИЯ ПЕРВИЧНОЙ МЕДИЦИНСКОЙ ПОМОЩИ 👥 Сегодня в Ал…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →