TGViewer
Azattyq - Азаттық Azattyq - Азаттық @azattyq · 10.8K subscribers
Post #35732 588
Azattyq - Азаттық Қордайда есірткі контрабандасы күдігімен ресейлік рэпер Navai ұсталды 13 қазанда Жамбыл облысында «Қордай» шекарасы маңындағы бақылау-өткізу пункті арқылы Қазақстанға кірмек болған ресейлік рэпер Navai (шын аты — Наваи Бахманоғлы Бакиров) есірткі контрабандасы…
Ресейдің бас консулдығы Қазақстан СІМ-ге нота жолдады

Жамбыл облысында ресейлік рэпер Navai ұсталғаннан кейін Ресейдің Алматыдағы бас консулдығы Қазақстан сыртқы істер министрлігіне нота жолдады. Бұл жөнінде Ресейдің мемлекеттік Риа Новости ақпарат агенттігі хабарлады.

Дипломаттардың айтуынша, олар оқиғаны ақпарат құралдарынан білген, Қазақстан билігінен ресми ескерту алмаған.
«Нота жолдадық, өйткені бұл — жергілікті билікпен ресми байланыс орнатудың тәсілі. Жағдайды нақтылап, Ресей азаматының қазір қайда екенін, қандай жағдайда ұсталғанын және басқа да мән-жайды анықтауды сұрадық. Қажет болған жағдайда онымен консулдық кездесу ұйымдастыруға рұқсат сұраймыз» деп хабарлады Ресейдің бас консулдығы.

Ресейлік рэпер Navai 13 қазанда Қордай арқылы Қазақстанға кірмек болған кезде ұсталған. Жамбыл облыстық полициясының хабарлауынша, оның көлігінен есірткі табылған. Рэпер есірткі контрабандасы күдігіне ілініп отыр.

15 қазанда сот оны екі айға қамауға рұқсат берген. Адвокаттары шешімге шағым түсірді. Рэпердің 14 қазанда Астанада өтуі керек болған концерті өтпей қалды. Концерттің басталуына төрт сағат қалған кезде ғана шара кейінге шегерілген.
  • 💩 16
  • 🤡 5
  • ❤ 2
  • 🤬 2
More from @azattyq
  1. Oct 16, 2026Трамп Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарына украин дрондарының соққысын “масқара” деп атады АҚШ…
  2. Oct 16, 2026Журналистер отырған бөлмедегі экран істеді, бірақ дыбыстың сапасы нашар. Сотқа қатысушылар…
  3. Oct 16, 2026Санжар Боқаевтың ісі бойынша алғашқы сот отырысында журналистер отырған бөлмеде экран істе…
  4. Oct 16, 2026Мемлекет қолдауына ие екі оқу орнының қожайыны кім? | Зерттеу🔎 2021 жылы спорт пен салауа…
  5. Oct 16, 2026АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио 17-22 қазан аралығында Өзбекстан мен Үндістанға бармақ…
  6. Oct 15, 2026Қазақстан Әзербайжанмен бірлесіп Баку–Тбилиси–Жейхан (БТЖ) құбыры арқылы тасымалданатын қа…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →