TGViewer
Azattyq - Азаттық Azattyq - Азаттық @azattyq · 10.8K subscribers
Post #35613 841
Латвия ІІМ өзбек азаматтарына визаны шектеуді ұсынды

Латвия ішкі істер министрлігі Өзбекстан азаматтарына виза беруді уақытша тоқтатуды ұсынды. Министрлікке сүйенген жергілікті БАҚ-тың жазуынша, бұға елдегі Өзбекстан азаматтары арасында қылмыстың көбеюі себеп. Кейбірі кәмелетке толмаған жасөспірімдерге қарсы жасалған.

Дегенмен Латвия министрлігі Өзбекстан азаматтары "жасаған" барлық қылмыс түрін егжей-тегжейлі сипаттайтын жеке статистикалық есеп жариялаған жоқ.

«Біз әрекет етуге міндеттіміз. Сондықтан Өзбекстан азаматтарына виза беруді белгілі бір мерзімге тоқтата тұруды және осы уақытты Өзбекстан тарапымен ынтымақтастық үшін пайдалануды ұсынамыз» деді ішкі істер министрі Янис Домбрава.

Ішкі істер министрлігіосы аралықта өзбек жағымен ақпарат алмасып, Латвияға баруды жоспарлап отырған азаматтарды тексеруді күшейтуге болады деп санайды.
  • 😁 5
  • 🔥 4
  • 🤔 3
More from @azattyq
  1. Oct 4, 2026Зеленский: күзде Украинаның алысқа ұшатын өз баллистикалық ракетасы болады Украина президе…
  2. Oct 4, 2026Қазақстан 84 медальмен Азия ойындарын аяқтады Қазақстан құрамасы Жапонияның Нагоя және Аич…
  3. Oct 4, 2026Ауқатты ресейліктер биыл соғысқа $5,6 млрд қаражат берген 2026 жылы Ресейдегі ең ауқатты а…
  4. Oct 4, 2026Қырғызстан президент істері басқармасы: Шакираның гонорарына мемлекет ақшасы жұмсалмайды «…
  5. Oct 4, 2026🔴Путин соққыны үдететінін айтып, Украинадағы шетелдіктерге "ескертті", Киев жауап беретін…
  6. Oct 3, 2026photo post
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →