TGViewer
Azattyq - Азаттық Azattyq - Азаттық @azattyq · 10.8K subscribers
Post #35611 407
Қазақстан 84 медальмен Азия ойындарын аяқтады

Қазақстан құрамасы Жапонияның Нагоя және Аичи қалаларындағы 20-жазғы Азия ойындарындағы жарысты аяқтады. Қазақстан атынан соңғы болып ат спортының өкілдері сынға түсті. Спорттың бұл түрінен Қазақстан жүлде ала алмады.
"Осылайша Қазақстан құрамасы 2026 жылғы Азия ойындарын 84 медальмен аяқтады. Оның ішінде 12 алтын, 24 күміс және 48 қола жүлде бар" деп жазылған Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің хабарламасында.

Жалпы есепте Қазақстан 8-орын алды. Бірінші орынды Қытай (169 алтын, 89 күміс, 83 қола), екінші орынды Жапония (83 алтын, 95 күміс, 91 қола), үшінші орынды Оңтүстік Корея иеленді (39 алтын, 43 күміс, 68 қола). Көрші Өзбекстан медальдық есепте бесінші орын алды: 21 алтын, 25 күміс, 24 қола. Өзбекстаннан кейін Иран, Таиланд бар.

Қазақстан ең көп медальді дзюдо мен күрестен (жеті-жетіден) ұтып алды. Одан кейін байдарка мен каноэде ескек есу спортшылары алты медаль иеленді. Ал семсерлесу, бокс және джиу-джитсудан Қазақстан қоржынына бес-бестен медаль түсті.
  • 👏 7
  • ❤ 1
More from @azattyq
  1. Oct 4, 2026Ауқатты ресейліктер биыл соғысқа $5,6 млрд қаражат берген 2026 жылы Ресейдегі ең ауқатты а…
  2. Oct 4, 2026Қырғызстан президент істері басқармасы: Шакираның гонорарына мемлекет ақшасы жұмсалмайды «…
  3. Oct 4, 2026🔴Путин соққыны үдететінін айтып, Украинадағы шетелдіктерге "ескертті", Киев жауап беретін…
  4. Oct 3, 2026photo post
  5. Oct 3, 2026Жапониядағы Азия ойындарының негізгі жарыстары аяқталды. Ертең, 4 қазанда ат спортынан екі…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →