Қырғызстанда діни блогерлер уағызшы куәлігін алуға міндетті 📜
Қырғызстанда діни контент тарататын блогерлер тіркеліп, уағызшы сертификатын алуы керек. 📝
Дін істері және ұлтаралық қатынастар жөніндегі ұлттық агенттіктің айтуынша, мұндай талап интернетте діни уағыздармен жүйелі түрде айналысатын, діни нормаларды түсіндіретін немесе белгілі бір діни көзқарастарды ұстануға шақыратын адамдарға қатысты. Дегенмен діни тақырыптар бойынша жеке пікір айту немесе анда-санда материал жариялау уағыз саналмайды. 🗣️
Сертификат алу үшін азаматтар дін істері жөніндегі ұлттық агенттікте тіркелуі қажет. Құжат бір жылға дейін беріледі және кейін жаңартылуы мүмкін.
Агенттік уағыздарды реттеу және радикал немесе экстремистік идеялардың интернетте таралуына жол бермес үшін осындай талап енгізіп отырғанын айтты.
Post #35576
341
- 👏 6
- 🤔 2
- 💩 1