Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді "көрнекті мемлекет қайраткері" және Ресей басшылығына "ең оңтайлы саяси тұлға" деп сипаттады. Бұған қоса ол "Украина халқына, оның тарихына, мәдениеті мен дәстүріне, тіліне зор құрметпен қарайтынын" айтып, соғысты уақытша доғаруға шақырды.
Германиялық ARD телеарнасының тілшісі Демиан фон Остен Тоқаевқа оның биыл жазда Омбыда Путинмен кездескенде Украинадағы соғысты уақытша тоқтату жайлы айтқан ұсынысын еске салып, "содан бері соғыстағы жағдай өзгермеді, қазір осы жайлы оған не айтар едіңіз?" деп сұрады.
"Бұл мәселе бойынша жеке позициямды зор түсіністікпен қабылдағаны үшін президент Путинге ырзамын. Өйткені біздің бәріміз, мемлекеттер жетекшілері, оның ішінде Ресей президенті де бар, Украинадағы соғыс қимылдары тоқтағанын қалаймыз" деді Тоқаев неміс тілшісіне орыс тілінде берген жауабында.
👉Толығырақ оқыңыз