TGViewer
🇰🇿 ҚР ҚМА/ АФМ РК 🇰🇿 ҚР ҚМА/ АФМ РК @afm_rk · 11.8K subscribers
Post #3791 1.52K
🏦 Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті «Bingo-37» және «Lotoboom» онлайн-платформалары арқылы заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру дерегі бойынша тергеуді аяқтады

Ықтималды ойыншыларға WhatsApp мессенджері арқылы құмар ойындарға қатысу туралы ұсыныстар жіберілген. Өтініш білдірген адамдарға аккаунт ашылып, логин мен пароль берілген, сондай-ақ ақша аударуға арналған шот деректемелері жолданған.

Ақша қабылдау және ұтыстарды төлеу үшін 14 дроппердің атына ашылған банк шоттары пайдаланылған.

Екі онлайн-казиноның жалпы айналымы 3,1 млрд теңгені құрады.

Қылмыстық жолмен алынған кіріске ұйымдастырушылар 200 млн теңгеден астам сомаға мүлік сатып алған. Оның ішінде BYD Destroyer, LiXiang L6 Max, Chevrolet Monza, SsangYong Rexton маркалы автокөліктер, сондай-ақ екі жер учаскесі бар.


Сот үкімімен екі адам төрт жылға бас бостандығынан айырылды. Аталған мүлік мемлекет кірісіне тәркіленді.

🔨 Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Материалдарға сілтеме: https://drive.google.com/drive/folders/1kQEMuypgDT5rp5IM0FRi12-SsTe15WF9?usp=drive_link

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
More from @afm_rk
  1. Oct 9, 2026🏦 Департаментом АФМ по г.Шымкент окончено расследование по факту организации незаконного…
  2. Oct 7, 2026🏦 В г.Алматы вынесен приговор организатором финансовой пирамиды «Asar Baspana» Следствием…
  3. Oct 7, 2026🏦 Алматы қаласында «Asar Baspana» қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты үкім шықты…
  4. Oct 6, 2026🏦 В г.Усть-Каменогорск к 4 годам лишения свободы осуждены бывший заместитель директора фи…
  5. Oct 6, 2026🏦 Өскемен қаласында «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалы д…
  6. Oct 5, 2026🏦 Департаментом АФМ по области Абай пресечена противоправная деятельность группы лиц, зан…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →