TGViewer
🇰🇿 ҚР ҚМА/ АФМ РК 🇰🇿 ҚР ҚМА/ АФМ РК @afm_rk · 11.9K subscribers
Post #3785 1.3K
🏦 Өскемен қаласында «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалы директорының бұрынғы орынбасары А.А. Рахымжанов пен Д.М. Нұртазин 4 жылға бас бостандығынан айырылды

Олар Ұлан ауданындағы Шыбынды учаскесінде алтынды заңсыз өндіруді ұйымдастырған.

Осы мақсатта олар өздеріне бағынысты «EastGoldStone» ЖШС-ны пайдаланған. Аталған серіктестіктің тек қатты пайдалы қазбаларды барлауға ғана лицензиясы болған.

Алтын өндіру жұмыстары ауыр техниканың — экскаваторлар, тиегіштер, самосвалдар, сондай-ақ жуу жабдығының көмегімен жүргізілген.

Заңсыз өндірілген алтын көлемі 15 келіден асқан, оның құны 844 млн теңгеден жоғары. Тергеу барысында құны 382 млн теңге болатын 6,7 кг алтын мен 579 г күміс тәркіленді.

Қылмыстық әрекет қоршаған ортаға елеулі зиян келтірген. Бүлінген жер аумағы 18,2 гектарды құрады.


Сонымен қатар заңсыз әрекет барысында мемлекеттік орман қорына жататын ағаштар мен бұталар жойылып, зақымдалған.

Экологиялық залалды жоюға қажетті жұмыстардың құны 300 млн теңгеден асты.

🧑‍⚖️ Сот шешімімен құны 372 млн теңге болатын мүлік тәркіленді. Оның ішінде 4 жүк көлігі, 2 экскаватор, 2 тиегіш, гидрожуу құрылғысы, сондай-ақ 10 млн теңге және 56 мың АҚШ доллары көлеміндегі қолма-қол ақша бар.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Материалдарға сілтеме: https://drive.google.com/drive/folders/1xZXe-GdJ6Z8RoPMqXRUerkZO6dKu2GhZ?usp=drive_link

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
More from @afm_rk
  1. Oct 6, 2026🏦 В г.Усть-Каменогорск к 4 годам лишения свободы осуждены бывший заместитель директора фи…
  2. Oct 5, 2026🏦 Департаментом АФМ по области Абай пресечена противоправная деятельность группы лиц, зан…
  3. Oct 5, 2026🏦 ҚМА Абай облысы бойынша департаменті дропперлерді іздеп, олардың банк шоттарын ақша ауд…
  4. Oct 3, 2026🏦 В Красноярске (Российская Федерация) состоялась VI Международная олимпиада по финансово…
  5. Oct 3, 2026🏦 Красноярск қаласында (Ресей Федерациясы) Қаржылық қауіпсіздік жөніндегі VI халықаралық…
  6. Oct 2, 2026🏦 Департаментом АФМ по области Ұлытау при координации прокуратуры пресечена деятельность…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →