TGViewer
🇰🇿 ҚР ҚМА/ АФМ РК 🇰🇿 ҚР ҚМА/ АФМ РК @afm_rk · 11.8K subscribers
Post #3783 1.45K
🏦 ҚМА Абай облысы бойынша департаменті дропперлерді іздеп, олардың банк шоттарын ақша аудару және қолма-қол ақшаға айналдыру үшін пайдаланған адамдар тобының заңсыз әрекетін тоқтатты

Семей қаласында жергілікті университеттің алты студенті анықталып, олардан жауап алынды.

Тергеу деректері бойынша, оларға тиесілі банк карталары ақша қабылдау үшін пайдаланылған. Кейін түскен қаражат бөлшектеліп, басқа шоттарға аударылған. Бұл оның шығу тегін жасыруға, қаржы ағынын бақылауды қиындатуға және кейін ақшаны қолма-қол шешіп алуға мүмкіндік берген.

Студенттердің бірінің шотына ғана 25 азаматтан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен.


🚨 Ақша жіберген азаматтар интернет-алаяқтыққа байланысты істер бойынша жәбірленушілер екені анықталды. Олар елдің 11 өңірін қамтиды: Абай, Қарағанды, Ақтөбе, Түркістан, Атырау, Батыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Жамбыл және Алматы облыстары, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалалары.

Тергеу жалғасып жатыр. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.
 
 Материалдарға сілтеме: https://drive.google.com/drive/folders/1EPGF-SEruNwkF1QXzVc4hum15I8qruhG?usp=sharing

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
More from @afm_rk
  1. Oct 6, 2026🏦 В г.Усть-Каменогорск к 4 годам лишения свободы осуждены бывший заместитель директора фи…
  2. Oct 6, 2026🏦 Өскемен қаласында «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалы д…
  3. Oct 5, 2026🏦 Департаментом АФМ по области Абай пресечена противоправная деятельность группы лиц, зан…
  4. Oct 3, 2026🏦 В Красноярске (Российская Федерация) состоялась VI Международная олимпиада по финансово…
  5. Oct 3, 2026🏦 Красноярск қаласында (Ресей Федерациясы) Қаржылық қауіпсіздік жөніндегі VI халықаралық…
  6. Oct 2, 2026🏦 Департаментом АФМ по области Ұлытау при координации прокуратуры пресечена деятельность…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →