Оған 45-тен астам елден 700-ге жуық студент қатысты. Қаржылық мониторинг агенттігінің қолдауымен олимпиадаға Қазақстан құрамасы да қатысты. Құрама сапына Қаржылық қауіпсіздік жөніндегі ұлттық олимпиаданың жеңімпаздары енді.
Анықтама үшін. 1 наурыз бен 27 сәуір аралығында өткен Қаржылық қауіпсіздік жөніндегі ұлттық олимпиадада 5 мыңнан астам студент білімін сынға салды.
Іріктеу кезеңдерінің қорытындысы бойынша 40 қатысушы финалға жолдама алып, оның 10-ы жеңімпаз атанды. Қазақстандық делегация экономикалық құқық бұзушылықтарға, қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған зияткерлік сайыстарда ел намысын абыроймен қорғады.
Олимпиада жеңімпаздары:
➡️
«Құқықтану» бағыты бойынша –
Айшолпан Аманқосова
(Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті);
➡️
«Халықаралық қатынастар» бағыты бойынша –
Дамир Үскембаев
(Нархоз университеті).
Олимпиада жүлдегерлері:
➡️
«Құқықтану» бағыты бойынша –
Тоғжан Ілиясова
(Maqsut Narikbayev University);
➡️
«Ақпараттық қауіпсіздік» бағыты бойынша –
Мадияр Дузумбайұлы
(Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті);
➡️
«Экономика» бағыты бойынша –
Мерей Кәлен
(Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті),
Никита Пильцов
(Maqsut Narikbayev University),
Даниил Сушкевич
(Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті).
✔️ Сонымен қатар Даниил Сушкевич пен Игорь Золотарев фиджитал спорт сайысында жеңіске жетті.
Олимпиада апталығы аясында «ТМД елдеріндегі қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі жастардың рөлі» тақырыбында панельдік пікірталас өтті.
Іс-шара барысында Қазақстанның қаржылық қылмыстарға қарсы іс-қимылда тәуекелге бағдарланған тәсілді қолдану тәжірибесі таныстырылды.
Дропперлік, интернет-алаяқтық және виртуалды активтерді заңсыз пайдалану секілді қазіргі өзекті қатерлерге ерекше назар аударылды.
📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
