TGViewer
🇰🇿 ҚР ҚМА/ АФМ РК 🇰🇿 ҚР ҚМА/ АФМ РК @afm_rk · 11.9K subscribers
Post #3788 1.25K
🏦 Алматы қаласында «Asar Baspana» қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты үкім шықты

Тергеу барысында Туғанбаев Н.М. бастаған топтың 90 мыңға жуық азаматтан жалпы сомасы 25 млрд теңге қаражат тартқаны анықталды. Олар салымшыларға ай сайын 30%-ға дейін табыс түсетінін уәде еткен.

Сотталғандар салымшыларды құрылыс материалдарын өндіру, тігін цехын жүргізу, тұрмыстық және медициналық техника шығаратын зауыт жұмыс істеп тұрғаны туралы жалған мәліметпен жаңылыстырған. Шын мәнінде, өнімдер өзге жеткізушілерден сатып алынып, «Asar Baspana» логотипімен таңбаланған.

2024 жылғы желтоқсаннан бастап, азаматтардың пирамидаға деген сенімі азайған тұста, ұйымдастырушылар автомагазиндердің ашылғаны және дилерлермен ынтымақтастық орнатылғаны туралы жалған ақпарат таратқан. Іс жүзінде автокөліктер салымшылардың ақшасына сатып алынып, туыстарының атына рәсімделген.


👨‍⚖️ Сот үкімімен Туғанбаев Н.М. 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Тағы үш ұйымдастырушының әрқайсысына 7 жылдан бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Он үш өңірлік жетекші 5 жылға шартты түрде сотталды.

🧑‍⚖️ Сонымен қатар, жалпы сомасы 5,6 млрд теңгеге бағаланған бұғатталған активтер жәбірленушілерге келтірілген залалды өтеуге бағытталады. Мүліктің қалған бөлігі мемлекет кірісіне өткізіледі.

⚠️ Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Материалдарға сілтеме: https://drive.google.com/drive/folders/1fHAieqPptemveMIuXKiR5juHuxcnBp6m?usp=drive_link

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
More from @afm_rk
  1. Oct 7, 2026🏦 В г.Алматы вынесен приговор организатором финансовой пирамиды «Asar Baspana» Следствием…
  2. Oct 6, 2026🏦 В г.Усть-Каменогорск к 4 годам лишения свободы осуждены бывший заместитель директора фи…
  3. Oct 6, 2026🏦 Өскемен қаласында «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалы д…
  4. Oct 5, 2026🏦 Департаментом АФМ по области Абай пресечена противоправная деятельность группы лиц, зан…
  5. Oct 5, 2026🏦 ҚМА Абай облысы бойынша департаменті дропперлерді іздеп, олардың банк шоттарын ақша ауд…
  6. Oct 3, 2026🏦 В Красноярске (Российская Федерация) состоялась VI Международная олимпиада по финансово…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →