TGViewer
АФМ Channel АФМ Channel @afm_rk · 11.9K subscribers
Post #3723 2.89K
🏦 Қаржылық мониторинг агенттігі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру саласындағы қаражат жымқыру деректерінің жолын кесу бойынша жұмыс жүргізіп жатқан тұста алаяқтық жағдайлары жиілеп кетті

Қаскөйлер өздерін Агенттік қызметкерлері ретінде таныстырып, «анықталған заңбұзушылықтарды» алға тартып, медицина мекемелерінің басшыларын қылмыстық жауапкершілікке тартамыз деп қорқытады. Сонымен қатар сыйақы берсе, жауапкершілікке тартпауға уәде етіп, ақша талап етеді.

Осындай алаяқтық схеманың жолы Түркістан облысында кесілді.

Екі адам өздерін Агенттік қызметкерлері ретінде таныстырып, алдау жолымен медициналық ұйымдардың бірінің басшысынан 15 млн теңге көлемінде ақша алуға тырысқан.

5 млн теңгені алғаннан кейін алаяқтар қалған 10 млн теңгені беруді талап еткен.


Осы жылғы 8 тамызда оларды Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері Агенттіктің Өзіндік қауіпсіздік департаментімен бірлесіп, қылмыс үстінде ұстады.

👨‍⚖️ Сот сыбайластарға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.

Тергеу жалғасып жатыр.

❗️ ҚМА ескертеді: жауапкершілікке тартамыз деп қорқытып немесе жазадан құтылуға көмектесеміз деп уәде беріп, ақша талап ету — заңсыз әрекет.

Мұндай деректер туралы ҚМА Call-орталығына 1458 нөмірі арқылы дереу хабарлау қажет.

Азаматтарды қаржылық мониторинг органдарына шақыру тек өндірістегі сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде, заңда белгіленген тәртіппен ресімделіп, жолданған ресми шақыру қағаздары негізінде ғана жүзеге асырылатынын ескертеміз.

Азаматтарды сақ болуға, арандатушылыққа және алаяқтардың айласына ермеуге шақырамыз.

Материалдарға сілтеме: https://drive.google.com/drive/folders/1DtlqLSyEBcXk4XomBXMPUvhjZ4zsl-OP?usp=drive_link

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
More from @afm_rk
  1. Sep 24, 2026🏦 В Актюбинской области осужден к 3 годам 9 месяцам лишения свободы руководитель ИП «Kaze…
  2. Sep 24, 2026🏦 Ақтөбе облысында «Kazenergy» жеке кәсіпкерлігінің басшысы заңсыз кәсіпкерлікпен айналыс…
  3. Sep 23, 2026🏦 Двое жителей Костанайской области осуждены за незаконную микрофинансовую деятельность б…
  4. Sep 23, 2026🏦 Қостанай облысының екі тұрғыны лицензиясыз заңсыз микроқаржылық қызмет жүргізгені және…
  5. Sep 21, 2026🏦 Департаментом АФМ по Карагандинской области проводится расследование по факту хищения к…
  6. Sep 21, 2026🏦 Қаржылық мониторинг агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті «Кең Дала 2» бағ…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →