TGViewer
Almaty TV Almaty TV @tvalmaty · 3.92K subscribers
Post #43527 19
🇰🇿🇰🇭Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Камбоджа Премьер-министрі Хун Манет шағын құрамда келіссөз жүргізді
 
🔹Қазақстан Президенті мәртебелі мейманға ілтипат білдіріп, бұл сапар екіжақты қарым-қатынасқа тың серпін беретінін және өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту перспективасына жол ашатынын айтты.

– Сапарыңыздың тарихи мәні зор деп санаймын. Өйткені бұған дейін Камбоджа премьер-министрлерінің Қазақстанға жолы түспеген. Ал Сіздің қазақ жерімен жеке байланысыңыз бар. Әкеңіз 1982 жылы елімізге келген екен. Бүгін екіжақты қарым-қатынастың ауқымды мәселелерін талқылаймыз. Қазақстан халқының еліңізге ықыласы ерекше. Көптеген отандасымыз Камбоджаға барып, оның көрікті жерлерімен танысқысы келеді. Елдеріміз арасында тікелей әуе қатынасын ашу мәселесін пысықтауымыз қажет. Сондай-ақ гуманитарлық саладағы байланыстарды жандандырғанымыз жөн, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

🔹Президент Қазақстан мен Камбоджа табиғи байлығы мол елдер санатында екенін және аталған саладағы ықпалдастықты кеңейтуге болатынын айтты.

🔹Сонымен қатар келіссөздер барысында сауда-экономикалық байланыстарды нығайту мәселелері қарастырылатынын жеткізді.
More from @tvalmaty
  1. Oct 17, 2026Вакцинация жұқпалы аурулардың ауыр асқыну қаупін азайтады Екпе алмаған балаларда жұқпалы а…
  2. Oct 17, 2026✉️Президент Пәкістан Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады 🇰🇿🇵🇰Қасым-Жомарт…
  3. Oct 17, 2026В Алматы обновят изношенные теплосети и электроподстанции В Алматы модернизируют коммуналь…
  4. Oct 17, 2026🤝Қазақстан Президенті мен Камбоджа Премьер-министрінің қатысуымен үкіметаралық және ведом…
  5. Oct 17, 2026🇰🇿🇰🇭Келіссөздер қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев пен Хун Манет Бірлескен мәлімд…
  6. Oct 17, 2026🇰🇭Премьер-министр Хун Манет екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстардың айрықша…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →