TGViewer
Almaty TV Almaty TV @tvalmaty · 3.92K subscribers
Post #43492 39
Президент: «Таза Қазақстан» акциясы жалпыұлттық идеологияға айналып келеді

🔹Мемлекет басшысы жер көлемі бойынша әлемде тоғызыншы орын алатын Қазақстан бірегей биоалуантүрлілігімен ерекшеленетінін айтты.

– Табиғаттың осы сыйын сақтау – жұрт алдындағы борышымыз, сондай-ақ халықаралық қоғамдастық алдындағы жауапкершілігіміз. Бұл құндылықтар Қазақстанның жаңа Конституциясында айқын көрініс тапты. Ел тарихында алғаш рет жоғары экологиялық мәдениет қалыптастыру мемлекеттіліктің негізін құрайтын қағидаттардың бірі ретінде Ата заңымызда бекітілді. Енді азаматтар табиғат пен оның ресурстарын көзінің қарашығындай сақтауға міндетті. Бұдан бөлек, азаматтардың өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған ортаны қорғау мемлекеттің маңызды мақсаттарының бірі ретінде белгіленді. Табиғат байлығын сақтау экономикалық өрлеумен қатар жүруі керек екеніне сенімдіміз. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы осы құндылықтарды арқау еткен. Бұл қозғалыс қарапайым экологиялық тазалық ауқымынан шығып кетті. Оның азаматтардың дүниетанымы мен өмір салтына ықпал ететін жалпыұлттық идеологияға айналып келе жатқаны қуантады, – деді Президент.


t.me/aqorda_resmi
More from @tvalmaty
  1. Oct 17, 2026Агроөнеркәсіптік кешеннен бөлек, экспорттық түсімнің өсімі металлургия және тау-кен өнеркә…
  2. Oct 17, 2026Қазақстан бойынша бүгінгі күнге дауылды ескерту «Қазгидромет» мәліметінше, Қазақстанның бі…
  3. Oct 17, 2026В Алматы обсудили меры по обеспечению сейсмической безопасности Обсуждены вопросы монитори…
  4. Oct 17, 2026Курс валют на 17 октября 2026 года USD / KZT – 452.12 (Доллар США) EUR / KZT – 508.95 (Евр…
  5. Oct 17, 2026Жетісу облысының Достық ауылында алғашқы "Жас сақшы" кадет сыныбы ашылды Жетісу облысы Қар…
  6. Oct 17, 2026Шығыс Қазақстан облысында полиция заманауи технологияларды енгізу арқылы қылмысты азайтты…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →