TGViewer
Almaty TV Almaty TV @tvalmaty · 3.92K subscribers
Post #43409 78
Мемлекет басшысы Вице-Президентті қабылдады

🔹Қасым-Жомарт Тоқаев Вице-Президент Ерлан Қариннің ішкі саясаттың басым бағыттарын жүзеге асыру, Президент тапсырмаларын орындау мен бастамаларын ілгерілету, соның ішінде бірінші шақырылған Құрылтайдың алғашқы сессиясының ашылуында және Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында айтылған міндеттерді іске асыру жөніндегі есебін тыңдады.

🔹Атап айтқанда, Вице-Президент конституциялық құндылықтарды түсіндіру және насихаттау, «Таза Қазақстан» жобасын жүзеге асыру, жаңа қоғамдық этика қалыптастыру, «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету, «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасын енгізу бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде баяндады.

🔹Сондай-ақ Мемлекет басшысына этносаралық келісімді нығайту, балалардың құқығы мен мүддесін қамтамасыз ету, мемлекеттік ақпараттық саясатты жетілдіру секілді ішкі саясаттың негізгі бағыттары жөнінде мәлімет берілді.

🔹Кездесу соңында Президент конституциялық қағидаттар мен құндылықтар ұлттық болмыс пен қоғамдық мәдениеттің ажырамас бөлігіне айналуға тиіс екенін атап өтіп, бірқатар тапсырма берді.

🔹Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, патриотизм, жауапкершілік, еңбекқорлық, бірлік және азаматтардың жасампаз мақсаттар жолында жұдырықтай жұмылуы елімізді қарқынды дамытудың маңызды алғышарттары саналады.

t.me/aqorda_resmi
More from @tvalmaty
  1. Oct 14, 2026Талдықорғанға елордадан психотроптық заттарды жеткізген курьер ұсталды Жетісу және Астана…
  2. Oct 14, 2026🇰🇿🇦🇿Мемлекет басшысы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің 7-…
  3. Oct 14, 2026Бір аккаунт үшін 10 жылға сотталуыңыз мүмкін Бас прокуратура жарнама алаңдарының пайдалану…
  4. Oct 14, 2026🇰🇿🐪 Верблюжье молоко из Казахстана готовят к выходу на мировой рынок С 1 ноября в Казах…
  5. Oct 14, 2026В Алматы собрали и утилизировали около 1,2 тонны просроченных лекарств В 38 городских поли…
  6. Oct 14, 2026💰По итогам дневных торгов 14 октября средневзвешенный курс доллара составил 450.62 теңге,…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →