Алматы метросында жолаушының сөмкесінен екі оқ табылды
Полиция қызметкерлері көлік қауіпсіздігі қызметімен бірлесіп, жолаушылардың заттарын рентген аппараты арқылы тексерген. Тексеру кезінде бір адамның сөмкесінен калибрі 5,45 миллиметр болатын екі оқ анықталып, тәркіленді.
Ер адам ұсталып, тиісті процессуалдық шешім қабылдау үшін Бостандық ауданының полиция қызметкерлеріне тапсырылды.
Post #43392
66
