TGViewer
Almaty TV Almaty TV @tvalmaty · 3.95K subscribers
Post #43041 50
📞Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті
 
🇰🇿🇹🇯Мемлекет басшысы Тәжікстан Президентін туған күнімен құттықтап, бауырлас тәжік халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.
 
Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонның тәуелсіз Тәжікстан мемлекетінің қалыптасуына, бейбітшілік пен келісімді орнықтыруға, елдің ұзақмерзімді дамуына қосқан тарихи үлесін атап өтті.
 
Қазақстан Президенті Тәжікстан көшбасшысының екі мемлекет арасындағы ғасырлардан тамыр тартатын достық пен өзара қолдауға негізделген стратегиялық серіктестікті және одақтастықты нығайтудағы рөліне жоғары баға берді.
 
Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон екіжақты ынтымақтастықтың даму қарқынына көңіл толатынын жеткізді. Сондай-ақ мемлекетаралық ықпалдастықтың барлық бағыты бойынша қазақ-тәжік байланысын кеңейтудің маңызына тоқталды.
 
Мемлекеттер басшылары халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, алдағы кездесулер кестесін талқылады.

t.me/aqorda_resmi
More from @tvalmaty
  1. Oct 5, 2026🇰🇿🇴🇲Әуежай залында екі ел басшылары аз-кем әңгімелесті ✔️Мемлекет басшысы екіжақты қар…
  2. Oct 5, 2026🇰🇿🇴🇲Мемлекет басшысы Оман Сұлтанын елорда әуежайында қарсы алды Президент Қасым-Жомарт…
  3. Oct 5, 2026Қасым-Жомарт Тоқаев Комиссияға Қорғаныс министрлігінің жаңа басшылығымен бірлесіп, анықтал…
  4. Oct 5, 2026Мемлекет басшысына Қорғаныс министрлігін тексеру жөніндегі комиссия жұмысының алғашқы нәти…
  5. Oct 5, 2026В Алматы ко Дню учителя наградили лучших педагогов города В День учителя в Алматы состояла…
  6. Oct 5, 2026Балалар алаңынан үлкен қоғамдық кеңістікке дейін: Алматыда Бұрындай көшесіндегі аумақ жаңа…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →