TGViewer
ҚТЖ PRESS ҚТЖ PRESS @railways_kz · 8.91K subscribers
Post #14877 439
🏢Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды

▶️Жамбыл облысында 1989 жылы салынған Шу станциясының теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды. Жұмыстар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылып жатқан еліміздің теміржол вокзалдарын жаңғырту бағдарламасы шеңберінде жүргізілді.

▶️Қайта құру барысында ауданы 8 141,03 шаршы метрді құрайтын бес қабатты вокзал ғимараты жаңарды. Қасбет, шатыр, ішкі үй-жайлар, инженерлік жүйелер, перрон және вокзал аумағы өзгерді. Қасбеті травертинмен, жертөлесі - қазақстандық мәрмәр плиткамен қапталған. Қазақстандық өндірістің энергия үнемдейтін екі қабатты терезелері бар «жылы» тірек-ригель жүйесінің терезелері мен алюминий витраждары орнатылды. Ішінде заманауи жанбайтын материалдар, дыбыс өткізбейтін төбелер және тозуға төзімді еден жабындары қолданылды. Вокзал 1-класқа жатады. Орташа тәуліктік жолаушылар ағыны шамамен 1591 адамды құрайды. Станция арқылы Шуды Бурабай курортымен, Алматы, Астана, Семей, Маңғыстау, Ақтөбе, Шымкент, Түркістан, Тараз, Орал, Атырау, Қостанай, Көкшетау, Қызылорда, Петропавл мен Сарыағаш қалаларымен, сондай-ақ Ресеймен, Қырғызстанмен және Өзбекстанмен байланыстыратын 48 жолаушылар пойызы өтеді.

▶️Жоба «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның өз қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының Үкіметі, Көлік министрлігі, «Самұрық-Қазына» АҚ және Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен іске асырылды. Қайта құру жолаушылардың жайлылығы мен қауіпсіздігін арттыруға, теміржол қызметкерлерінің жағдайын жақсартуға және вокзал инфрақұрылымын жаңартуға мүмкіндік берді.
  • 👍 4
More from @railways_kz
  1. Oct 1, 2026Теміржолдағы жасанды интеллект: болашақтың теміржолын құру AI & DIGITAL BRIDGE 2026 аясынд…
  2. Oct 1, 2026🗣Систему «Smart Диагностика» от КТЖ презентовали на AI & Digital Bridge 2026 ▶️В столице…
  3. Oct 1, 2026🗣ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды ▶️Елорда…
  4. Oct 1, 2026🏢В области Жетысу завершена реконструкция вокзала станции Уштобе ▶️В области Жетысу полно…
  5. Oct 1, 2026🏢Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды ▶️Жетісу облысында…
  6. Oct 1, 2026🏢Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды ➖➖➖ 🏢В Кокшетау завершена реконстру…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →