TGViewer
ҚТЖ PRESS ҚТЖ PRESS @railways_kz · 8.86K subscribers
Post #14942 557
🏢Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды

▶️Жетісу облысында 1930 жылы салынған Үштөбе станциясының теміржол вокзалын қайта жаңарту толығымен аяқталды. Жұмыстар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылып жатқан еліміздің теміржол вокзалдарын жаңғырту бағдарламасы шеңберінде орындалды.

▶️Қайта құру қорытындысы бойынша екі қабатты ғимараттың жалпы ауданы 1 335 шаршы метрді құрады. Шатыр, қасбет және ішкі үй-жайлар толығымен жаңартылып, кәріз, сумен, жылумен және электрмен жабдықтау жүйелері жаңартылды. Іргелес аумақты және жолаушылар перроның абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

▶️Ғимараттың қасбеті сызықтық панельдермен апталып, негізі гранитпен қапталған. Ішкі бөлмелерде аспалы торлы төбелер орнатылып, едендеріне керамогранит төселген. Жаңа эвакуациялық жолдар жабдықталып, өрт қауіпсіздігі талаптарына жауап беретін есіктер орнатылды. Жұмыс барысында қазақстандық өндіріс материалдары пайдаланылды.

▶️Вокзал 3-класқа жатады. Орташа тәуліктік жолаушылар ағыны шамамен 435 адамды құрайды. Станция арқылы Алматы, Астана, Павлодар, Өскемен, Семей, Талдықорған, Қарағанды, Балқаш, сондай-ақ Ресеймен байланыстыратын 22 пойыз қатынайды.

▶️Жоба «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның өз қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының Үкіметі, Көлік министрлігі, «Самұрық-Қазына» АҚ және облыс әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылды.
  • ❤ 1
More from @railways_kz
  1. Oct 5, 2026🏢Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын қайта жаңарту аяқталды ➡️Павлодар облысында…
  2. Oct 3, 2026🔤 Жаппай сенбілік күні 🟢«Самұрық-Қазына» компаниялар тобының барлық қызметкерлері бір кү…
  3. Oct 2, 2026💻Темір жолдың цифрлық трансформациясы – бүгінгі күннің өзінде Digital Bridge аясында ҚТЖ…
  4. Oct 2, 2026🗣ҚТЖ мен АТ-гуру Кай-Фу Ли Digital Bridge алаңдарында ынтымақтастықты талқылады 🔵«Қазақс…
  5. Oct 2, 2026🧠ИИ на рельсах: КТЖ презентовала ИТ-стратегию до 2030 года на AI & Digital Bridge ➡️Управ…
  6. Oct 2, 2026🧠Рельстегі ЖИ: ҚТЖ AI & Digital Bridge-де 2030 жылға дейінгі АТ-стратегиясын таныстырды ➡…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →