🗣ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
▶️Елордада AI & Digital Bridge 2026 ірі халықаралық технологиялық форумы бастау алды. Форум аясында көлік қауіпсіздігі саласындағы озық әзірлеме – Smart Диагностика теміржол инфрақұрылымын бақылаудың инновациялық жүйесі таныстырылды.
▶️Жоба Қазақстан Президентінің елдің транзиттік әлеуетін арттыру және темір жол тасымалын терең цифрландыру жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында әзірленді.
▶️Бүгінгі таңда ҚТЖ-да 10 мобильді диагностикалық кешен іске тартылған. Нақты уақыт режимінде олар медициналық МРТ-ға ұқсас рельсті төсемді үздіксіз лазерлік және ультрадыбыстық сканерлеуді жүзеге асырады. Алынған мәліметтер массивтері Starlink спутниктік байланысы арқылы бірден орталық жүйеге жіберіледі.
▶️«Smart Диагностиканы» енгізу ҚТЖ-ға үлкен уақыт пен технологиялық серпіліс жасауға мүмкіндік берді. Бұрын ақпарат жинау, оны қолмен беру және өңдеу 14 күнге созылды. Бүгінгі күні жасанды интеллект бірнеше минут ішінде жолдардың күйін автоматты түрде талдайды.
▶️Жүйенің бірегейлігі – талдамалық (болжамды) алгоритмдерді қолдану. Тәжірибелік мысал ретінде Мемлекет басшысына демо-экранда Қарағанды облысынан нақты кейс көрсетілді.
▶️Жүйе рельс басының бүйірлік тозуын 16,9 мм деңгейінде тіркеді (нормативтік төзімділік 15 мм және сыни шегі 20 мм). Жасанды интеллект ақаудың нақты координаттарын және оның қалай болуы динамикасын анықтап қана қоймай, болашақтағы бүлінуін модельдеді: егер жөндеу болмаса, бұл учаскеде пойыздардың қозғалысын шұғыл шектеуді қажет ететін күрделі жағдай туындауы мүмкін еді.
▶️Жедел ЖИ болжамына сүйене отырып, диспетчер бірден шешім қабылдады және бір демде ақауды жою үшін жол бригадаларына сандық тапсырма жіберді.
▶️Таныстырылған «Smart Диагностика» жүйесі жасанды интеллект пен ғарыштық технологиялардың интеграциясы адами факторды толығымен жоққа шығаруға, апаттылықты төмендетуге және Қазақстан айналып отырған негізгі еуразиялық хаб арқылы жүктердің үздіксіз ағынын беруге қабілетті екенін дәлелдейді.
▶️Мұндай диагностика қозғалыс қауіпсіздігін және теміржолды жөндеуге арналған құралдардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл, әсіресе, іске асырылып жатқан11 мың шақырым темір жолды жөндеу бойынша бағдарламаны ескергенде аса маңызды.
▶️Анықтама: 2026 жылы AI & Digital Bridge 30 мыңнан астам қатысушыны, 300 астам спикер мен 100 астам технологиялық компанияны қабылдайды. 2019 жылдан бастап Digital Bridge технологиялық стартаптар мен венчурлық капиталдың өзара әрекеттесуі үшін аймақтың негізгі алаңдарының біріне айналды. Форум жұмысына әр жылдары жүздеген инвесторлар мен бизнес-ангенттер қатысты, ал стартаптар өз жобаларын халықаралық қорлар мен технологиялық компанияларға ұсынуға мүмкіндік алды.
▶️Осы жылдар ішінде форум өңірдегі ең ірі халықаралық технологиялық алаңдардың біріне айналды. Digital Bridge іс-шараларына 100 елден 127 мыңнан астам қатысушы қатысты. Форум алаңында 1500-ден астам спикер сөз сөйлеп, 600-ден астам стартап таныстырылды.
Post #14950
334



