🇰🇿🇪🇪
Марье Лууп – Эстония Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі1971 жылғы 24 мамырда Эстонияның Таллин қаласында дүниеге келген.
1989-1994 жылдары Таллин педагогикалық университетінде (қазіргі Таллин университеті) неміс және ағылшын филологиясы мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған.
1994-1995 жылдары Эстония Дипломатия мектебінде халықаралық қатынастар бойынша білім алған.
1995-1996 жылдары Амстердам университетінде халықаралық қатынастар бойынша білім алған.
1997 жылы Германияның Дипломатиялық қызмет академиясында білім алған.
Еңбек жолын 1996 жылы Эстония Сыртқы істер министрлігінің Сыртқы экономикалық саясат департаменті Батыс Еуропа бөлімінде (Германия, Австрия, Швейцария, Ұлыбритания, Нидерланд және Люксембург бойынша куратор) қызмет атқарудан бастаған.
2000-2003 жылдары Эстонияның Финляндиядағы Елшілігінде экономикалық мәселелер жөніндегі кеңесші болған.
2003-2010 жылдары Эстония Сыртқы істер министрлігінің Сыртқы экономикалық ынтымақтастық және даму департаментінің Даму саласындағы ынтымақтастық бөлімін басқарған.
2004-2010 жылдары Эстония Сыртқы істер министрлігінің Сыртқы экономикалық ынтымақтастық және даму департаментінде Эстонияның даму және гуманитарлық көмек саласындағы ынтымақтастығы жөніндегі бас директоры болған.
2010-2013 жылдары Эстонияның Швециядағы дипломатиялық миссиясы басшысының орынбасары қызметін атқарған.
2013-2023 жылдары Эстония Сыртқы істер министрлігінің Әкімшілік департаментінің бас директоры болған.
2023-2026 жылдары Эстонияның Үндістандағы Елшісі, сондай-ақ Бангладеш, Непал және Шри-Ланкадағы Елшісі болып қоса тіркелген.
2023-2026 жылдары Эстонияның Үндістандағы Елшісі, сондай-ақ Бангладеш, Непал және Шри-Ланкадағы Елшісі қызметін қоса атқарған.
Ағылшын, неміс, орыс, француз, фин және швед тілдерін меңгерген.
🇰🇿🇪🇪
Марье Лууп – Посол Эстонской Республики в Республике КазахстанРодилась 24 мая 1971 года в г. Таллине (Эстония).
В 1989-1994 годах получила степень магистра немецкой и английской филологии в Таллинском педагогическом университете (в настоящее время – Таллинский университет).
В 1994-1995 годах обучалась в Эстонской школе дипломатии по специальности «международные отношения».
В 1995-1996 годах изучала международные отношения в Амстердамском университете.
В 1997 году прошла обучение в Немецкой академии дипломатической службы.
Трудовую деятельность начала в 1996 году в качестве сотрудника отдела Западной Европы Департамента внешнеэкономической политики Министерства иностранных дел Эстонии, курировавшего Германию, Австрию, Швейцарию, Великобританию, Нидерланды и Люксембург.
В 2000-2003 годах занимала должность советника по экономическим вопросам Посольства Эстонии в Финляндии.
В 2003-2010 годах возглавляла отдел по сотрудничеству в области развития Департамента внешнеэкономического сотрудничества и развития Министерства иностранных дел Эстонии.
В 2004-2010 годах занимала должность Генерального директора по сотрудничеству Эстонии в области развития и гуманитарной помощи Департамента внешнеэкономического сотрудничества и развития Министерства иностранных дел Эстонии.
В 2010-2013 годах занимала должность заместителя Главы дипломатической миссии Эстонии в Швеции.
В 2013-2023 годах занимала должность Генерального директора Административного департамента Министерства иностранных дел Эстонии.
В 2023-2026 годах занимала должность Посла Эстонии в Индии, по совместительству в Бангладеш, Непале и Шри-Ланке.
С сентября 2026 года – Посол Эстонии в Республике Казахстан.
Владеет английским, немецким, русским, французским, финским и шведским языками.
@PressMFAKZ