TGViewer
MFA Qazaqstan 🇰🇿 MFA Qazaqstan 🇰🇿 @pressmfakz · 8.15K subscribers
Post #25822 552
​​🇰🇿🇬🇼 Браима Эмбало – Гвинея-Бисау Республикасының Түркия Республикасындағы және Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі

1957 жылғы 22 қаңтарда Гвинея-Бисаудың Габу өңіріндегі Дара ауылында дүниеге келген.

1977 жылы Германияда кооператив ісі, экономика және бизнесті басқару саласында білім алған.

Еңбек жолын 1974 жылы «Armazem do Povo» мемлекеттік әкімшілік-шаруашылық бөлімінде қызметкер болып бастаған.

1979 жылы «Armazem do Povo» мемлекеттік әкімшілік-шаруашылық бөлімінің бухгалтерия директоры қызметін атқарған.

1980-1984 жылдары аталған мекеменің сату бөлімінің директоры болған.

1984-1988 жылдары «Armazem do Povo» мемлекеттік әкімшілік-шаруашылық бөлімінің экспорт бөлімін басқарған.

1986 жылы Гвинея-Бисау Ислам қауымдастығының мүшесі болған.

1986-1990 жылдары Меккеге қажылық мәселелері жөніндегі Ұйымдастыру комитетінің мүшесі қызметін атқарған.

1992-1994 жылдары Габу өңірінің губернаторы болған.

1994-1998 жылдары Кашеу өңірінің губернаторы қызметін атқарған.

2001-2003 жылдары Гвинея-Бисау Президентінің саяси және дипломатиялық мәселелер жөніндегі Мемлекеттік министрі – кеңесшісі болған.

2005-2007 жылдары Аумақтық басқару министрі қызметін атқарған.

2006 жылы Халықтық-демократиялық партияның (НДП) негізін қалаған.

2010-2017 жылдары Гвинея-Бисаудың Гвинея Республикасындағы, Сьерра-Леоне және Либериядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарған.

2024 жылғы 30 қаңтардан бастап Гвинея-Бисау Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарады.

Португал, француз және ағылшын тілдерін меңгерген.

🇰🇿🇬🇼 Браима Эмбало – Чрезвычайный и Полномочный Посол Республики Гвинея-Бисау в Турецкой Республике и Республике Казахстан по совместительству

Родился 22 января 1957 года в деревне Дара, регион Габу, Республика Гвинея-Бисау.

В 1977 году получил образование в Германии по специальности «кооперативизм, экономика и управление бизнесом».

Трудовую деятельность начал в 1974 году в «Armazem do Povo», Государственном административно-хозяйственном отделе.

В 1979 году занимал должность директора бухгалтерии «Armazem do Povo».

В 1980-1984 годах занимал должность директора отдела продаж «Armazem do Povo».

В 1984-1988 годах являлся директором экспортного отдела «Armazem do Povo».

В 1986 году стал членом Исламской ассоциации Гвинеи-Бисау.

В 1986-1990 годах являлся членом Организационного комитета по вопросам паломничества в Мекку.

В 1992-1994 годах занимал должность губернатора региона Габу.

В 1994-1998 годах занимал должность губернатора региона Кашеу.

В 2001-2003 годах занимал должность Государственного министра – советника Президента Гвинеи-Бисау по политическим и дипломатическим делам.

В 2005-2007 годах занимал должность Министра территориального управления.

В 2006 году основал Народную демократическую партию (НДП).

В 2010-2017 годах занимал должность Чрезвычайного и Полномочного Посла Республики Гвинея-Бисау в Республике Гвинея, Сьерра-Леоне и Либерии.

С 30 января 2024 года – Чрезвычайный и Полномочный Посол Республики Гвинея-Бисау в Турецкой Республике.

Владеет португальским, французским и английским языками.

@PressMFAKZ
More from @pressmfakz
  1. Oct 11, 2026​​​​​​🔹 Қазақстан СІМ-нің Сауд Арабиясының азаматтық инфрақұрылым нысандарына жасалған ша…
  2. Oct 10, 2026​​​​🔹 Қазақстан мен Руанда екіжақты ынтымақтастықты нығайту перспективаларын талқылады 🔸…
  3. Oct 10, 2026​​🔹 Metlen Energy & Metals компаниясы Қазақстанда металлургиялық қалдықтарды қайта өңдеуд…
  4. Oct 9, 2026​​🔹 Қазақстан терроризмге қарсы күрес жөніндегі «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» екінші ди…
  5. Oct 9, 2026​​🔹 Кишиневте «Қазақстанды таны» фотокөрмесі ашылды 🔸 В Кишинёве открылась фотовыставка…
  6. Oct 9, 2026​​🔹 Ирландия Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін тапсырды 🔸Посол Ирландии вручил ко…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →