Қыркүйек айында теміржол арқылы 1 млн тоннадан астам астық экспортталды
2025 жылдың қыркүйегінде теміржол көлігімен 1 млн тоннадан астам астық экспортталды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19% артық. ҚТЖ желісі бойынша астықты тасымалдаудың жалпы көлемі бір айда 1,3 млн тоннадан асса (2024 жылғы қыркүйекке қарағанда+28%), оның ішінде республика бойынша 318 мың тонна (+71%) жөнелтілді.
Орталық Азия елдеріне 647 мың тонна (+44%) жөнелтілді, оның ішінде Өзбекстанға — 50%, Түрікменстанға — 73%, Қырғызстанға 4 еседен астам ұлғаю орын алды.
Қара теңіз порттары бағытындағы экспорт 26%, Балтық порттарына экспорт 11 есе өсті.
2025 жылдың 9 айы қорытындысы бойынша ҚТЖ желісі бойынша астық тасымалдау 9,6 млн тоннаны (+40%) құрады, оның ішінде республика ішінде — 2,3 млн тонна (+33%). Экспортқа — 7,3 млн тонна (+43%), оның ішінде Орталық Азияға — 4,1 млн тонна (+34%), Ауғанстанға — 40%, Ақтау және Құрық порттары арқылы 3 есе, ал Балтық елдеріне 14 есе өсті.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі
_____
Свыше 1 млн тонн зерна экспортировано по железной дороге в сентябре
В сентябре 2025 года железнодорожным транспортом экспортировано свыше 1 млн тонн зерна, что на 19% больше, чем в аналогичном периоде прошлого года. Общий объём перевозок зерна по сети КТЖ за месяц превысил 1,3 млн тонн (+28% к сентябрю 2024 года), из них по республике отгружено 318 тыс. тонн (+71%).
В страны Центральной Азии отправлено 647 тыс. тонн (+44%), в том числе в Узбекистан — рост на 50%, в Туркменистан — на 73%, в Кыргызстан — увеличение более чем в 4 раза.
Экспорт в направлении Черноморских портов увеличился на 26%, в Балтийские — в 11 раз.
По итогам 9 месяцев 2025 года перевозки зерна по сети КТЖ составили 9,6 млн тонн (+40%), в том числе внутри республики — 2,3 млн тонн (+33%). На экспорт — 7,3 млн тонн (+43%), в том числе в Центральную Азию — 4,1 млн тонн (+34%), в Афганистан — рост на 40%, через порты Актау и Курык — увеличение в 3 раза, в страны Балтии — рост в 14 раз.
Пресс-служба АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Post #3085
291