TGViewer
КТЖ пресс-релизы КТЖ пресс-релизы @pr_ktzh · 1.06K subscribers
Post #5590 140
ҚТЖ: қазақстандық жасымық Үндістанға жөнелтілді
 
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның еншілес компаниясы – «KTZ Express» АҚ Транскаспий халықаралық көлік бағдарының инфрақұрылымын пайдалана отырып, қазақстандық жасымықты Ақмола облысынан Үндістанға тасымалдауды ұйымдастырды.

Тасымалдау өндірістің және отандық өнімнің экспорттық әлеуетінің өсімі бедерінде ұйымдастырылды.

Қазақстан жасымық экспорты бойынша әлемде 6-шы орында. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректері бойынша, 2025 жылы елдегі дәнді-бұршақты дақылдардың өнімі арғы  жылмен салыстырғанда 56% артып, рекордтық бір миллион тоннаға жетті.

Жасымық өндірісі мен өңдеу белсенді дамып келе жатқан өңірлердің бірі Ақмола облысы болып табылады. Өндіріс көлемінің өсуі қазақстандық өнімді жеткізу географиясының кеңеюіне ықпал етеді.

Перспективалы бағыттардың бірі жасымық партиясы Ақкөл станциясынан Мундра портына мультимодальды маршрут бойынша жөнелтілген Үндістан нарығы.

Бірінші кезеңде жүк Ақкөл қаласынан Ақтау портына дейін теміржол арқылы тасымалданды. Әрі қарай контейнерлер Каспий теңізі арқылы Алят портына (Әзірбайжан) жеткізілді. Әзірбайжан аумағынан жүк теміржолмен Грузияның Поти портына (Грузия) дейін жалғасып, теңіз көлігімен Мундраға (Үндістан) жол тартты.

Осы бағыт бойынша қазақстандық жасымықты жеткізуді ұйымдастыру отандық өндірушілердің Оңтүстік Азия нарығына шығу мүмкіндіктерін кеңейтеді және жаңа экспорттық бағыттардың дамуына ықпал етеді.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

____________

КТЖ: Казахстанская чечевица отправлена в Индию
 
Дочерняя компания АО «НК «ҚТЖ» - АО «KTZ Express» организовала перевозку казахстанской чечевицы из Акмолинской области в Индию с использованием инфраструктуры Транскаспийскогомеждународного транспортного маршрута.

Перевозка организована на фоне роста производства и экспортного потенциала отечественной продукции. Казахстан занимает 6-е место в мире по экспорту чечевицы. По данным Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан, в 2025 году урожай зернобобовых культур в стране достиг рекордного одного миллиона тонн, увеличившись на 56% по сравнению с предыдущим годом.

Одним из регионов, где активно развивается производство и переработка чечевицы, является Акмолинская область.

Рост объемов производства способствует расширению географии поставок казахстанской продукции. Одним из перспективных направлений является рынок Индии, куда партия чечевицы была отправлена со станции Акколь в порт Мундра по мультимодальному маршруту.

На первом этапе груз проследовал по железной дороге из Акколя до порта Актау. Далее контейнеры были перевезены через Каспийское море до порта Алят (Азербайджан). С территории Азербайджана груз продолжил движение по железной дороге до грузинского порта Поти (Грузия), откуда морским транспортом был направлен в Мундру (Индия).

Организация поставок казахстанской чечевицы по данному маршруту расширяет возможности отечественных производителей по выходу на рынки Южной Азии и способствует развитию новых экспортных направлений.

 Пресс-служба АО «НК «Қазақстан темір жолы»
More from @pr_ktzh
  1. Sep 26, 2026Kazakhstan’s Export Logistics Development to Be Discussed at a Strategic Roundtable in Alm…
  2. Sep 26, 2026photo post
  3. Sep 26, 2026Развитие экспортной логистики Казахстана обсудят на стратегическом круглом столе в Алматы…
  4. Sep 26, 2026photo post
  5. Sep 26, 2026Қазақстанның экспорттық логистикасын дамыту Алматыдағы стратегиялық дөңгелек үстелде талқы…
  6. Sep 26, 2026photo post
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →