Қазақстанның экспорттық логистикасын дамыту Алматыдағы стратегиялық дөңгелек үстелде талқыланады
📅 2026 жылғы 30 қыркүйек
📍 Алматы қаласы, «Қазақстан» қонақ үйі, «Алтын Емел» конференц-залы
2026 жылғы 30 қыркүйекте Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа экспорттық дәліздері: контейнерлендіру және жаһандық нарықтарға шығу» атты стратегиялық дөңгелек үстел өтеді. Іс-шараны «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның еншілес компаниясы «KTZ Express» АҚ ұйымдастырады.
Іс-шараға Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, A.P. Møller-Maersk және көлік-логистика саласының өкілдері, сондай-ақ отандық өндірушілер мен экспорттаушылар қатысады.
Дөңгелек үстелде қазақстандық экспорттық жүктерді контейнерлендіру ауқымын кеңейтуге, экспорттық әлеуетті дамытуға және отандық өнімнің жаһандық нарықтардағы орнын нығайтуға баса назар аударылады.
Қатысушылар қазақстандық өнімді халықаралық тасымалдауды ұйымдастыру, мультимодальды маршруттар мен терминалдық инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ отандық экспорттаушылардың шетелдік нарықтарға шығу мүмкіндіктерін кеңейту мәселелерін талқылайды.
Іс-шара Қазақстан экспортының географиясын кеңейту және отандық өндірушілерді жаһандық жеткізу тізбектеріне интеграциялау мәселелері бойынша мемлекет, көлік-логистика саласы және бизнес арасындағы тікелей диалог алаңына айналады.
🕘 Өтетін уақыты: 09:00–13:00
БАҚ өкілдері іс-шараны жариялауға шақырылады.
Байланыс үшін: Болат Аиза Тел.: +7 707 518 2607 Эл. пошта: a.bolat@ktze.kz
Post #5632
56
КТЖ пресс-релизы Photo