TGViewer
КТЖ пресс-релизы КТЖ пресс-релизы @pr_ktzh · 1.06K subscribers
Post #5595 86
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
 
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ерлан Қойшыбаев Бакуде өткен Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумының жұмысына қатысты. Өңірлік байланыс пен ынтымақтастықты дамытуға арналған панельдік талқылау барысында ол Орталық Азия, Кавказ және еуропалық нарықтар арасындағы көліктік-логистикалық байланыстарды нығайтудағы Транскаспий халықаралық көлік бағдарының (ТХКБ) рөлі туралы айтты.

TХКБ оң динамика көрсетуді жалғастырып келе жатқаны атап өтілді. 2026 жылдың 8 айында маршрут бойынша шамамен 44 мың ЖФБ тасымалданса, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңі көрсеткішінен 58%артық.

«Бүгінгі таңда TХКБ – бұл жай ғана маршрут емес, бірнеше елдің теміржол, порт және теңіз инфрақұрылымын біріктіретін дамып келе жатқан мультимодальды көлік жүйесі. Тасымалдау көлемінің өсуі Орта дәліздің және оның негізгі элементтерін одан әрі ілеспе дамыту қажеттілігін растайды», - деп атап өтті Еран Қойшыбаев. 


Сөз сөйлеу шеңберінде ТХКБ тиімділігін арттыру үшін серіктестермен бірлесіп ҚТЖ іске асыратын шараларға ерекше назар аударылды. Оларға теміржол және терминалдық инфрақұрылымды дамыту, жылжымалы құрам паркін жаңарту және ұлғайту, порт қуаттарын дамыту және маршруттың теңіздік құрамдас бөлігінің тиімділігін арттыру жатады. 

Белгіленген тарифтерді, процестерді цифрландыруды және маршруттың құрамдас бөліктерін синхронды дамытуды қоса алғанда, тасымалдауды мультимодальды ұйымдастыруды жетілдіруге ерекше назар аударылды.

Middle Corridor Multimodal Ltd.-ны құруҚазақстан, Әзірбайжан, Грузия және Қытай теміржолкомпанияларының қатысуымен, бұл келісілген кестеніжәне клиент алдындағы бірыңғай жауапкершіліктіқоса алғанда, бірыңғай операциялық тәсілдіқалыптастыруға мүмкіндік беруі маңызды мысалболып табылады.

Форум барысында халықаралық бизнес және қаржы қоғамдастығы өкілдерімен көлік байланысын дамыту және транзиттік маршруттардың тиімділігін арттыру мәселелері бойынша пікір алмасу өтті. 
ҚТЖ-ның Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумына қатысуы ТХКБ дамуының ағымдағы нәтижелерін ұсынуға және маршрутты одан әрі жетілдірудің негізгі бағыттарын белгілеуге мүмкіндік берді.

ҚТЖ ТХКБ тиімділігін арттыру және транзиттік тасымалдарды дамыту мақсатында халықаралық және өңірлік әріптестермен өзара іс-қимылды жалғастыруда.

 Анықтама: Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумы (AIIF) - мемлекеттік органдардың, халықаралық инвесторлардың, қаржы институттары мен іскер топтар өкілдерін біріктіретін халықаралық инвестициялық алаң. Форуминвестициялық мүмкіндіктерді ұсынуға жәнехалықаралық инвестициялық ынтымақтастықтыкеңейтуге бағытталған.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөзқызметі
More from @pr_ktzh
  1. Sep 26, 2026Kazakhstan’s Export Logistics Development to Be Discussed at a Strategic Roundtable in Alm…
  2. Sep 26, 2026photo post
  3. Sep 26, 2026Развитие экспортной логистики Казахстана обсудят на стратегическом круглом столе в Алматы…
  4. Sep 26, 2026photo post
  5. Sep 26, 2026Қазақстанның экспорттық логистикасын дамыту Алматыдағы стратегиялық дөңгелек үстелде талқы…
  6. Sep 26, 2026photo post
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →