TGViewer
Channel Public Channel
POLISIA.KZ

POLISIA.KZ

@police_of_kz

Қазақстан Республикасы ІІМ жаңалықтары
Новости МВД Республики Казахстан
Subscribers
30.1K
Photos
7.5K
Videos
5.8K
Links
9K
Recent Posts 13 shown
Post #18068 4.51K
🚇 Профилактика жол үстінде: “Заң мен тәртіп” акциясы Астана мен Ақмола облысын біріктірді

📍 Астанадан Бурабайға жол тартқан “Заң мен тәртіп” пойызы республикалық профилактикалық акцияның алаңына айналды.

🛡️ Акция Астана қаласы мен Ақмола облысын қамтып, жолаушылар, жастар және өңір тұрғындары арасында есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алуға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Қатысушылар үшін ақпараттық және интерактивті алаңдар ұйымдастырылып, профилактикалық кездесулер мен кинологиялық қызмет орталығының көрсетілімдері өткізілді. Сондай-ақ ІІМ-нің қауіпсіздікті қамтамасыз етуде қолданатын заманауи технологиялары, соның ішінде робот-ит таныстырылды.

✅️ Акцияның басты мақсаты — есірткінің алдын алу туралы ақпаратты әр адамға қолжетімді, заманауи әрі түсінікті түрде жеткізу.

🔥 БЕЙНЕМАТЕРИАЛ

ЗАҢМЕНТӘРТІП

***

🚇 Поезд "Закон и порядок" объединил профилактическую акцию в Астане и Акмолинской области

📍 Поезд "Закон и порядок", отправившийся из Астаны в Бурабай, стал площадкой для проведения республиканской профилактической акции.

🛡️ Акция охватила город Астану и Акмолинскую область. Среди пассажиров, молодежи и жителей региона проводилась разъяснительная работа, направленная на профилактику наркоправонарушений.

Для участников были организованы информационные и интерактивные площадки, проведены профилактические встречи и показательные выступления Центра кинологической службы. Также были продемонстрированы современные технологии, используемые МВД для обеспечения безопасности, в том числе робот-собака.

✅️ Главная цель акции — донести информацию о профилактике наркоправонарушений до каждого человека в доступной, современной и понятной форме.

ЗАКОНИПОРЯДОК

📱 POLISIA.KZ
Post #18067 4.97K
🚨 69 жасөспірім есірткі қылмыстары үшін ұсталды

Олардың:
• 40-ы есірткі өткізгені үшін;
• 27-сі аса ірі мөлшерде сақтағаны үшін;
• екеуі есірткіні жарнамалағаны үшін.

📌 Оның ішінде 52 ұл бала және 17 қыз бала.

ІІМ ата-аналарды баланың ортасына, бос уақытына және интернеттегі белсенділігіне бейжай қарамауға шақырады.

🚨 69 несовершеннолетних задержаны за наркопреступления

Из них:
• 40 - за сбыт наркотиков;
• 27 - за хранение в особо крупном размере;
• двое - за рекламу и пропаганду наркотиков.

📌 Среди задержанных 52 мальчика и 17 девочек.

МВД призывает родителей быть внимательными к окружению детей, их досугу и активности в интернете.
Post #18066 4.07K
🔹 Заң бұзушылықтарға нөлдік төзімділік

Полиция тыныштық пен қоғамдық тәртіпті бақылауды күшейтті. Жыл басынан бері:
▪️ тыныштықты бұзудың 79 мың дерегі анықталды;
▪️ пиротехниканы заңсыз пайдаланудың 269 фактісі тоқтатылды;
▪️ кәсіпкерлерге 8 мыңнан астам ұсыну енгізілді.

6 мыңнан астам учаскелік инспектор тұрғындар чаттарына қосылып, өтініштерге жедел ден қоюда.

🔹 Нулевая терпимость к нарушениям

Полиция усилила контроль за тишиной и общественным порядком. С начала года:
▪️ пресечено 79 тысяч нарушений тишины;
▪️ выявлено 269 фактов использования пиротехники;
▪️ предпринимателям внесено более 8 тысяч представлений.

Более 6 тысяч участковых инспекторов подключены к чатам жителей и оперативно реагируют на обращения.
Post #18060 2.27K
🔹 ІІМ қызметкерлері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты.

Сенбілік аясында ведомство қызметкерлері қоғамдық аумақтарды тазалап, айналаны абаттандыру жұмыстарына атсалысып, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға өз үлестерін қосты.

«Таза Қазақстан» - бұл ауқымды экологиялық бастама ғана емес, әр азаматтың өз қаласына, ауласына және қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған игі іс.

Тазалық әрқайсымыздан басталады!

🔹 Сотрудники МВД приняли участие в экологической акции «Таза Қазақстан».

В рамках субботника сотрудники ведомства вышли на уборку общественных территорий, привели в порядок прилегающие участки и внесли свой вклад в сохранение чистоты и благоустройство окружающей среды.

«Таза Қазақстан» - это не только масштабная экологическая инициатива, но и ответственное отношение каждого к своему городу, двору и окружающей природе.

Чистота начинается с каждого из нас!
Post #18059 1.77K
⚖️ TikTok-тағы заң бұзушылық: Қызылорда тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында TikTok желісіндегі тікелей эфир кезінде қолданушылардың бірі бірнеше мәрте бейәдеп сөз айтып, қоғамдық тәртіп пен әдеп нормаларын бұзғаны анықталды.

Тексеру нәтижесінде құқық бұзушы Қызылорда қаласының 39 жастағы тұрғыны Жұлдызай Құдайбергенова екені белгілі болды.

Сот шешімімен ол әкімшілік жауапкершілікке тартылып,оған айыппұл салынды.

❗️ Полиция интернет кеңістігіндегі құқық бұзушылықтарды анықтау жұмыстары тұрақты түрде жүргізілетінін еске салады. Заң талаптарын бұзғаны үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілік көзделген.

ЗАҢМЕНТӘРТІП

***

⚖️ Пользовательница TikTok привлечена к ответственности за нецензурную брань в Кызылорде

В результате мониторинга социальной сети выявлен прямой эфир, в ходе которого одна из пользовательниц TikTok неоднократно выражалась нецензурной бранью.

В ходе проверки установлено, что нарушительницей является 39-летняя уроженка и жительница города Кызылорды Жулдызай Кудайбергенова. Решением суда она привлечена к ответственности в виде штрафа.

❗️ Полиция напоминает, что работа по выявлению правонарушений в интернете проводится на постоянной основе. За нарушение требований законодательства предусмотрена ответственность.

ЗАКОНИПОРЯДОК

📱 POLISIA.KZ
Post #18058 1.73K
🎥 Шымкентте әлеуметтік желіде балағат сөздер айтқан азамат 7 тәулікке қамауға алынды

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында TikTok-та балағат сөздер айтып, қоғамдық әдеп нормаларын өрескел бұзған азамат анықталды.

Тексеру барысында құқық бұзушының Қызылорда облысының тумасы, 23 жастағы Нұрболсын Жақсылық екені белгілі болды.

Аталған дерек бойынша тиісті шаралар қабылданып, сот шешімімен құқық бұзушы 7 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

📌 Полиция азаматтарға әлеуметтік желілерде қолданыстағы заңнама талаптарын сақтаудың маңызын ескертеді. Қоғамдық әдеп нормаларын бұзу және балағат сөздер қолдану заңда белгіленген жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін.

⛴ Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу, құқық бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасады.

ЗАҢМЕНТӘРТІП

***

🎥 Гражданина, использовавшего нецензурную лексику в соцсетях, арестовали на 7 суток в Шымкенте

В ходе мониторинга социальных сетей был выявлен гражданин, который использовал нецензурную лексику в TikTok и грубо нарушал нормы общественной морали.

В ходе проверки установлено, что правонарушителем является 23-летний Нурболсын Жаксылык, уроженец Кызылординской области.

По данному факту приняты соответствующие меры. По решению суда правонарушитель подвергнут административному аресту сроком на 7 суток.

📌 Полиция напоминает гражданам о важности соблюдения требований действующего законодательства в социальных сетях. Нарушение норм общественной морали и использование нецензурной лексики могут повлечь ответственность, предусмотренную законом.

⛴ Работа по мониторингу социальных сетей, выявлению и пресечению правонарушений продолжается на постоянной основе.

ЗАКОНИПОРЯДОК

📱 POLISIA.KZ
Post #18056 3.84K
🐟 Атырауда заңсыз айналымнан 17 тоннадан астам балық өнімі тәркіленді

Атырау облысы полиция департаментінің қызметкерлері Атырау — Доссор тасжолының 601-шақырымы тұсында Volvo автокөлігін тоқтатып, тексеру барысында жалпы салмағы 17 тонна 652 келі балық өнімдерін анықтап, тәркіледі.

Аталған дерек бойынша балық ресурстарын заңсыз алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Тергеу мүддесіне сәйкес, өзге ақпарат жариялануға жатпайды.

Полиция азаматтарды табиғи ресурстарға ұқыпты қарауға және заңсыз балық аулау, сақтау немесе тасымалдау фактілері туралы полицияға хабарлау керектігін ескертеді.

ЗАҢМЕНТӘРТІП

***

🐟 Более 17 тонн рыбной продукции изъято в Атырау

Сотрудники департамента полиции Атырауской области на 601-м километре автодороги Атырау — Доссор остановили автомобиль Volvo. В ходе проверки в транспортном средстве обнаружено и изъято 17 тонн 652 кг рыбной продукции.

По данному факту проводится досудебное расследование по факту незаконной добычи рыбных ресурсов.

Иная информация в интересах следствия разглашению не подлежит.

Полиция призывает граждан бережно относиться к природным ресурсам и сообщать в полицию о фактах незаконной добычи, хранения или перевозки рыбы.

ЗАКОНИПОРЯДОК

📱 POLISIA.KZ
Post #18055 1.76K
POLISIA.KZ ❗️ Қылмыстың салдарымен емес, қауіптің алдын алумен күрес маңызды Құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету — полицияның негізгі міндеттерінің бірі. 2025 жылы Шымкент қаласында алкогольдік масаң күйде жасалған 336 құқық…
Важно не бороться с последствиями преступлений, а предупреждать их

Профилактика правонарушений и обеспечение безопасности граждан — одна из основных задач сотрудников полиции.

В 2025 году в Шымкенте зарегистрировано 336 правонарушений, совершенных в состоянии алкогольного опьянения. Из них 182 произошли в ночное время.

Анализ показал, что значительная часть правонарушений связана с употреблением алкогольной продукции в ночное время. При этом одной из основных причин является реализация алкоголя в торговых объектах в неустановленное время.

В связи с этим департамент полиции города Шымкента на постоянной основе проводит рейдовые мероприятия по выявлению и пресечению фактов реализации алкогольной продукции с нарушением установленных требований.

С начала года в Шымкенте выявлено 1 056 административных правонарушений, связанных с нарушением требований при реализации алкогольной продукции. На основании постановлений суда аннулированы лицензии на продажу алкоголя у 476 субъектов предпринимательства. Кроме того, 91 предприниматель лишен лицензии на реализацию алкогольной продукции.

В результате принятых мер количество преступлений, совершаемых в состоянии алкогольного опьянения, в городе снизилось на 28%, а количество преступлений, совершаемых в ночное время, — на 25%.

📌 Главная цель — не бороться с последствиями правонарушений после их совершения, а предупреждать их и обеспечивать безопасность граждан.

ЗАКОНИПОРЯДОК

📱 POLISIA.KZ
Post #18054 1.5K
❗️ Қылмыстың салдарымен емес, қауіптің алдын алумен күрес маңызды

Құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету — полицияның негізгі міндеттерінің бірі.

2025 жылы Шымкент қаласында алкогольдік масаң күйде жасалған 336 құқық бұзушылық тіркелген. Оның 182-сі түнгі уақытта болған.

Талдау нәтижесі құқық бұзушылықтардың басым бөлігі алкоголь өнімдерін түнгі уақытта тұтынумен байланысты екенін көрсетті. Бұл ретте негізгі себептердің бірі — алкоголь өнімдерінің белгіленбеген уақытта сауда орындарында сатылуы.

Осыған байланысты Шымкент қаласы полиция департаменті алкоголь өнімдерін белгіленген талаптарды бұза отырып сату фактілерін анықтау және олардың жолын кесу мақсатында тұрақты түрде рейдтік іс-шаралар жүргізіп келеді.

Жыл басынан бері Шымкент қаласында алкоголь өнімдерін өткізу талаптарын бұзуға қатысты 1 056 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Сот қаулылары негізінде 476 кәсіпкерлік субъектісінің алкоголь өнімдерін сатуға берілген лицензиясының күші жойылды. Сонымен қатар 91 кәсіпкер алкоголь өнімдерін сату лицензиясынан айырылды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде қалада алкогольдік масаң күйде жасалатын қылмыстар саны 28%, ал түнгі уақытта жасалатын қылмыстар саны 25% төмендеді.

📌 Басты мақсат — құқық бұзушылық жасалғаннан кейін оның салдарымен күресу емес, оның алдын алып, азаматтардың қауіпсіздігін толық қамтамасыз ету.

ЗАҢМЕНТӘРТІП

📱 POLISIA.KZ
Post #18053 1.56K
🚨 Украинада Астанадағы сауда-ойын-сауық орталығында жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған хабарлама таратты деген күдікпен жасөспірім ұсталды.

Тәркіленген құрылғылардан цифрлық дәлелдер табылды.

Толық ақпарат сайтта.

🚨 В Украине задержали подростка за ложное сообщение об акте терроризма в торгово-развлекательном центре Астаны.

На изъятой технике обнаружены цифровые доказательства.

Подробная информация на сайте.
Post #18052 1.78K
🚁 Азаматтардың қауіпсіздігі жолындағы жаңа технологиялар

ІІМ-де ұшқышсыз авиациялық жүйелер бағыты дамып келеді.

10 тамыздан бері дрон операторларын даярлау бойынша төрт арнайы курс өткізілді.

Қызметкерлер теориялық және практикалық дайындықтан өтіп, ұшқышсыз аппараттарды басқару және оларды жедел-қызметтік жұмыста қолдану дағдыларын меңгеруде.

Заманауи технологиялар - қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі тиімді құрал.

🚁 Новые технологии для безопасности граждан

МВД развивает направление применения беспилотных авиационных систем.

С 10 августа проведено уже четыре специализированных курса подготовки операторов БПЛА.

Сотрудники проходят теоретическую и практическую подготовку, осваивают управление беспилотными аппаратами и их применение в оперативно-служебной деятельности.

Современные технологии - эффективный инструмент обеспечения безопасности граждан и правопорядка.
Post #18051 1.87K
POLISIA.KZ 🚔 Жолдағы қауіпті әрекет: ШҚО-да жол ережесін өрескел бұзған азаматтар жазаланды Әлеуметтік желілерде жолаушылардың көлік терезелерінен денелерін шығарып тұрған бейнежазбасы тарады. Қауіпті кадрлар полиция қызметкерлерінің назарына ілікті. Мұндай әрекет…
🚔 Опасное поведение на дороге: в ВКО наказали граждан за грубые нарушения ПДД

В социальных сетях распространилась видеозапись, на которой пассажиры высовываются из окон автомобилей. Опасные кадры привлекли внимание сотрудников полиции.

Подобные действия не только нарушают правила дорожного движения, но и создают угрозу жизни и безопасности самих пассажиров и других участников дорожного движения.

Сотрудники ДП ВКО установили личности граждан, попавших на видеозапись, и приняли соответствующие меры. Водители привлечены к административной ответственности за нарушение требований при перевозке пассажиров, в том числе за их перевозку за пределами салона транспортного средства.

Кроме того, пассажиры также привлечены к ответственности за высовывание частей тела из движущегося автомобиля.

Полиция призывает граждан строго соблюдать правила дорожного движения и ответственно относиться к собственной безопасности и безопасности окружающих.

ЗАКОНИПОРЯДОК

📱 POLISIA.KZ
Post #18050 1.67K
🚔 Жолдағы қауіпті әрекет: ШҚО-да жол ережесін өрескел бұзған азаматтар жазаланды

Әлеуметтік желілерде жолаушылардың көлік терезелерінен денелерін шығарып тұрған бейнежазбасы тарады. Қауіпті кадрлар полиция қызметкерлерінің назарына ілікті.

Мұндай әрекет жол қозғалысы ережелерін бұзып қана қоймай, жолаушылардың өздері мен жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен қауіпсіздігіне қауіп төндіреді.

ШҚО ПД қызметкерлері бейнежазбадағы азаматтарды анықтап, тиісті шаралар қабылдады. Жүргізушілер жолаушыларды тасымалдау, оның ішінде оларды көлік салонынан тыс тасымалдау талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар жолаушылар да жүріп келе жатқан көліктен денелерін шығарғаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Полиция азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, өз өмірі мен өзгелердің қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.

ЗАҢМЕНТӘРТІП

📱 POLISIA.KZ
Older posts →

About this channel

How can I read @police_of_kz without a Telegram account?
TGViewer shows the public web preview Telegram publishes for POLISIA.KZ: recent posts, photos, videos and the subscriber count, with no app, login or account.
How many subscribers does POLISIA.KZ have?
POLISIA.KZ (@police_of_kz) has 30.1K subscribers on Telegram, refreshed roughly every 30 minutes.
Does POLISIA.KZ know I viewed it here?
No. Public channel previews carry no viewer identity, and TGViewer has no accounts or tracking of what you look up.
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →