TGViewer
POLISIA.KZ POLISIA.KZ @police_of_kz · 30.1K subscribers
Post #18054 1.52K
❗️ Қылмыстың салдарымен емес, қауіптің алдын алумен күрес маңызды

Құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету — полицияның негізгі міндеттерінің бірі.

2025 жылы Шымкент қаласында алкогольдік масаң күйде жасалған 336 құқық бұзушылық тіркелген. Оның 182-сі түнгі уақытта болған.

Талдау нәтижесі құқық бұзушылықтардың басым бөлігі алкоголь өнімдерін түнгі уақытта тұтынумен байланысты екенін көрсетті. Бұл ретте негізгі себептердің бірі — алкоголь өнімдерінің белгіленбеген уақытта сауда орындарында сатылуы.

Осыған байланысты Шымкент қаласы полиция департаменті алкоголь өнімдерін белгіленген талаптарды бұза отырып сату фактілерін анықтау және олардың жолын кесу мақсатында тұрақты түрде рейдтік іс-шаралар жүргізіп келеді.

Жыл басынан бері Шымкент қаласында алкоголь өнімдерін өткізу талаптарын бұзуға қатысты 1 056 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Сот қаулылары негізінде 476 кәсіпкерлік субъектісінің алкоголь өнімдерін сатуға берілген лицензиясының күші жойылды. Сонымен қатар 91 кәсіпкер алкоголь өнімдерін сату лицензиясынан айырылды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде қалада алкогольдік масаң күйде жасалатын қылмыстар саны 28%, ал түнгі уақытта жасалатын қылмыстар саны 25% төмендеді.

📌 Басты мақсат — құқық бұзушылық жасалғаннан кейін оның салдарымен күресу емес, оның алдын алып, азаматтардың қауіпсіздігін толық қамтамасыз ету.

ЗАҢМЕНТӘРТІП

📱 POLISIA.KZ
More from @police_of_kz
  1. Sep 21, 2026⚡️ Шымкентте есірткі сайттарын жарнамалаған күдікті ұсталды Шымкентте полицейлер жедел іс-…
  2. Sep 20, 2026🚇 Профилактика жол үстінде: “Заң мен тәртіп” акциясы Астана мен Ақмола облысын біріктірді…
  3. Sep 20, 2026🚨 69 жасөспірім есірткі қылмыстары үшін ұсталды Олардың: • 40-ы есірткі өткізгені үшін; •…
  4. Sep 20, 2026🔹 Заң бұзушылықтарға нөлдік төзімділік Полиция тыныштық пен қоғамдық тәртіпті бақылауды к…
  5. Sep 19, 2026🔹 ІІМ қызметкерлері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты. Сенбілік аясында ведо…
  6. Sep 19, 2026⚖️ TikTok-тағы заң бұзушылық: Қызылорда тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды Әлеумет…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →