🟢2026 жылғы 9 қазанда «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС аумағында Шымкент қаласының экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті.
Кездесуге кәсіпорынға жақын орналасқан елді мекендердің тұрғындары, Шымкент қаласы Еңбекші ауданы әкімдігінің, қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының, Шымкент қаласы бойынша Экология департаментінің, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің, прокуратура органдарының өкілдері, сондай-ақ қоғам белсенділері қатысты.
Жиында кәсіпорынның санитариялық-қорғау аймағының шекарасында және оған іргелес тұрғын алаптарда атмосфералық ауаның сапасы мен бөгде иістердің пайда болуына қатысты мәселелер талқыланды.
Жұмыс тобының қызметі аясында қатысушылар «ПҚОП» ЖШС-нің өндірістік аумағын аралады. Зауыт зертханасының мамандары және Экология департаментінің өкілдері бірлесіп, атмосфералық ауа сапасына өлшеу жұмыстарын жүргізді.
Жүргізілген өлшеулердің нәтижесінде кәсіпорын аумағындағы тексерілген учаскелерде атмосфералық ауа құрамындағы ластаушы заттардың шекті жол берілетін концентрацияларының асып кету жағдайлары анықталған жоқ.
Жұмыс тобының мүшелері экологиялық ахуалға мониторинг жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік органдар, кәсіпорын және жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындары арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі жетілдіру жөніндегі шараларды талқылады.
«ПҚОП» ЖШС экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, өндірістік қызметтің қоршаған ортаға әсерін барынша азайтуға және табиғат қорғау талаптарының сақталуына бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырып келеді.
Тұрғындармен ашық диалог орнату, қоршаған ортаның жай-күйіне объективті мониторинг жүргізу және мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмыс істеу экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жүйелі қызметтің маңызды құрамдас бөліктері болып қала береді.
🖊️ «ПҚОП» ЖШС
Post #2217
115