TGViewer
«ПКОП»ЖШС/ТОО «ПКОП»/«PKOP” LLP «ПКОП»ЖШС/ТОО «ПКОП»/«PKOP” LLP @pkopkz · 467 subscribers
Post #2172 142
📌 «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС басшылығы Еңбекші ауданы әкімдігінің өкілдерімен және зауытқа іргелес орналасқан тұрғын алаптардың (Қаратөбе, Қарабастау, Жұлдыз, Жалын, Бадам, Шымтау) тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесудің басты тақырыптары экологиялық ахуал және тұрғындардың мезгіл-мезгіл сезілетін иістерге қатысты шағымдары болды.

Кездесу ашық әрі сындарлы диалог жағдайында өтті. Кездесу барысында жергілікті қоғамдастық өкілдері зауыт басшылығына тікелей байланыс орнатуға және тұрғындарды алаңдатқан мәселелерді бірлесіп шешуге дайын болғаны үшін алғыстарын білдірді.

Келіссөздердің басты нәтижесі «ПҚОП» ЖШС өкілдері, жергілікті атқарушы органдар және елді мекендердің өкілдерінен тұратын бірлескен қоғамдық жұмыс тобын құру туралы шешім қабылдау болды. Оның құрамына зауыт мамандары, әкімдік қызметкерлері және жергілікті тұрғындар кіреді.

Құрылған қоғамдық жұмыс тобы тұрғын аймақтардағы иіс деңгейін жүйелі түрде тіркеу, ауа сапасына мониторинг жүргізу және ластаушы заттар шығарындыларының жол берілетін шекті нормативтерінің сақталуын қатаң бақылау жұмыстарымен айналысатын болады.

«ПҚОП» ЖШС экологиялық жауапкершілік пен жергілікті қоғамдастық алдында ашықтық қағидаттарына бейілділігін растайды.

🖊️ «ПҚОП» ЖШС
More from @pkopkz
  1. Sep 23, 2026📌 The management of PetroKazakhstan Oil Products LLP held a meeting with representatives…
  2. Sep 23, 2026📌Руководство ТОО «ПетроКазахстан Ойл Продактс» провело встречу с представителями акимата…
  3. Sep 23, 2026photo post
  4. Sep 22, 202633 жыл — бір мамандыққа арналған ғұмыр 🗣Қазақстанда қыркүйек айының соңғы жексенбісінде Е…
  5. Sep 15, 2026📌 PetroKazakhstan Oil Products LLP hereby announces the transition to the production of D…
  6. Sep 15, 2026📌ТОО "ПетроКазахстан Ойл Продактс" уведомляет о переходе на производство межсезонного диз…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →