TGViewer
«ПКОП»ЖШС/ТОО «ПКОП»/«PKOP” LLP «ПКОП»ЖШС/ТОО «ПКОП»/«PKOP” LLP @pkopkz · 465 subscribers
Post #2170 200

Forwarded from ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз

33 жыл — бір мамандыққа арналған ғұмыр

🗣Қазақстанда қыркүйек айының соңғы жексенбісінде Еңбек күні атап өтіледі. Осыған орай ҚМГ мұнай-газ саласында еңбегімен үлгі-өнеге болып, «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатын ісімен танытып жүрген жұмысшы мамандар туралы бейнероликтер топтамасын ұсынады.

🏭Солардың бірі мұнай өңдеу өндірісіндегі күрделі жабдықтардың қалыпты жұмысын бақылап, ақауды алдын алуға жауап беретін — Шымкент мұнай өңдеу зауытындағы каталитикалық крекинг қондырғысының механигі Аппаз Керимбердиев.

▪️Ол зауытта 33 жылдан бері қажырлы еңбек етіп келеді. Осы уақыт ішінде өндірістің қыр-сырын меңгеріп, мол тәжірибе жинады.

▪️Аппаз Манапұлының айтуынша жалпы жұмыста тәжірибенің орны бөлек болғанымен, заманмен бірге өзгеріп, жаңа технологияны меңгеру де маңызды.

— Зауыттағы қондырғылардың қалай өзгергенін жақсы білемін деп ойлаймын. Себебі 33 жыл өмірімді бір салаға арнап келе жатырмын. Бұрын жабдықтың ақауын көбіне тәжірибеге сүйеніп анықтайтынбыз. Дыбысына, діріліне, жұмыс істеуіне қарап, мәселенің қай жерден шыққанын шамалайтынбыз. Қазір цифрлық технологиялардың көмегімен қондырғының жағдайын нақты уақыт режимінде бақылауға болады. Бұл бұзылу жағдайларын ертерек біліп, үлкен проблемаларға жол бермеуге мүмкіндік береді, — дейді ол.


✔️Бүгінде Аппаз Манапұлы өз тәжірибесін жас мамандарға үйретіп, өндірістегі сабақтастықты жалғастырып келеді.

Біз әрбір қызметкердің адал еңбегін қадірлейміз, олардың маңдай терін мақтан етеміз.

📱 ҚазМұнайГаз
  • ❤ 2
More from @pkopkz
  1. Sep 29, 2026🍀 On September 26, employees of PetroKazakhstan Oil Products LLP joined the nationwide Mö…
  2. Sep 29, 2026🍀 26 сентября сотрудники ТОО «ПетроКазахстан Ойл Продактс» присоединились к республиканск…
  3. Sep 29, 2026🍀 26 қыркүйекте «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС қызметкерлері «Мөлдір бұлақ» республика…
  4. Sep 29, 2026photo post
  5. Sep 29, 2026photo post
  6. Sep 23, 2026📌 The management of PetroKazakhstan Oil Products LLP held a meeting with representatives…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →