🍀 26 қыркүйекте «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС қызметкерлері «Мөлдір бұлақ» республикалық экологиялық акциясына қатысты.
Акция аясында кәсіпорын қызметкерлері Бадам өзенінің бойында тазарту жұмыстарын жүргізді. Қатысушылар өзен жағалауын тұрмыстық қоқыстан тазартып, едәуір көлемде қалдық жинады.
🌿 Экологиялық акцияларға қатысу – Шымкент мұнай өңдеу зауытының табиғатты қорғау бастамаларын қолдауға және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмысының бір бөлігі.
🏭 «ПҚОП» ЖШС алдағы уақытта да тазалықты сақтауға, аумақтарды абаттандыруға және қаланың экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған жобаларға белсенді қатысуды жалғастырады.
🖊️ «ПҚОП» ЖШС
Post #2186
130