Post #6800
67
«Отандастар қоры» КеАҚ мен Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры бірлесіп, маңызды әрі тағылымды бастаманы жүзеге асырды.
«Қандас жастарға — Рухани қазына» жобасы аясында алыс-жақын шетелден келген қандас жастарымыз театрға жиналып, өнер ұжымының тарихи, ұлттық және тәрбиелік мәні терең кезекті қойылымын тамашалады.
Жобаның негізгі мақсаты:
🇰🇿 Қандас жастардың елге бейімделуіне, ұлттық өнер мен мәдениетке жақын болуына ықпал ету;
📜 Тарихи танымды кеңейтіп, ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрді дәріптеу;
Театр сахнасындағы әсерлі актерлік шеберлік пен терең мағыналы сценарий жастарға ерекше рухани азық силады. Қойылымнан соң қатысушылар өз әсерлерімен бөлісіп, осындай мазмұнды кездесулердің жастар үшін орны бөлек екенін атап өтті.
«Отандастар қоры» өнер сүйер жастарымызға қолдау білдіріп, ұлттық мәдениетімізді бірге ұлықтауға бағытталған рухани жобаларды ары қарай да жалғастыра береді!
@otandastar

- ❤ 1