TGViewer
«Otandastar Qory» «Otandastar Qory» @otandastar · 1.37K subscribers
Post #6800 96
«Отандастар қоры» КеАҚ мен Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры бірлесіп, маңызды әрі тағылымды бастаманы жүзеге асырды.

«Қандас жастарға — Рухани қазына» жобасы аясында алыс-жақын шетелден келген қандас жастарымыз театрға жиналып, өнер ұжымының тарихи, ұлттық және тәрбиелік мәні терең кезекті қойылымын тамашалады.

Жобаның негізгі мақсаты:
🇰🇿 Қандас жастардың елге бейімделуіне, ұлттық өнер мен мәдениетке жақын болуына ықпал ету;
📜 Тарихи танымды кеңейтіп, ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрді дәріптеу;

Театр сахнасындағы әсерлі актерлік шеберлік пен терең мағыналы сценарий жастарға ерекше рухани азық силады. Қойылымнан соң қатысушылар өз әсерлерімен бөлісіп, осындай мазмұнды кездесулердің жастар үшін орны бөлек екенін атап өтті.

«Отандастар қоры» өнер сүйер жастарымызға қолдау білдіріп, ұлттық мәдениетімізді бірге ұлықтауға бағытталған рухани жобаларды ары қарай да жалғастыра береді!

@otandastar
  • ❤ 1
More from @otandastar
  1. Oct 15, 2026"OQ Startup - 2025" байқауына Моңғолиядан "UIdemed" жобасымен қатысып жеңімпаз болған Бекс…
  2. Oct 15, 2026“OQ Startup - 2025” байқауына Өзбекстан Республикасынан “City Cold Control” жобасымен қаты…
  3. Oct 15, 2026«Қазақстан – менің көзіммен» халықаралық сурет салу байқауында Моңғолиядан қатысып, жеңімп…
  4. Oct 14, 2026🇰🇿 قازتەست: قانداس مارتەبەسىن نەمەسە قازاقستاندا تۇراقتى تۇرۋعا رۇقسات الۋدى جوسپارلاعان…
  5. Oct 14, 2026🇰🇿 QAZTEST: QANDAS MÁRTEBESIN NEMESE QAZAQSTANDA TURAQTY TURÝǴA RUQSAT ALÝDY JOSPARLAǴAN…
  6. Oct 14, 2026🇰🇿 КАЗТЕСТ: ЧТО ВАЖНО ЗНАТЬ ТЕМ, КТО ПЛАНИРУЕТ ПОЛУЧИТЬ СТАТУС «КАНДАСА» ИЛИ РАЗРЕШЕНИЕ…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →