TGViewer
ORTCOM.KZ ORTCOM.KZ @ortcom_kz · 3.13K subscribers
Post #57420 101
🔶Құрылтай депутаты: кітап оқу - қоғамның болашаққа дайындығының көрсеткіші

Құрылтай депутаты Сергей Пономаревтің айтуынша, көп әрі ой елегінен өткізіп оқу, ақпаратты талдай білу маңызды. Өйткені бүгінде кітап оқу тек мәдениет мәселесі емес.

«Бұл - адами капиталдың сапасы мен қоғамымыздың болашаққа дайындығына қатысты мәселе. Қазір біз технологиялар мен жасанды интеллект қарқынды дамып, ақпарат ағыны еселеп артқан заманда өмір сүріп жатырмыз. Осындай жағдайда адам үшін ақпаратты қабылдау ғана емес, оны талдай білу, шындықты өтіріктен ажырату, әртүрлі көзқарасты көре білу және ең бастысы - білімін өзі қалыптастыру маңызды. Сондықтан біздің міндетіміз - оқылған кітаптардың санын ғана арттыру емес. Біз оқу, ойлану және үнемі білім жетілдіру дағдысын қалыптастырғымыз келеді. Кітап оқуды әдетке айналдыру қажет. Бұл ретте маңызды стратегиялық мәселе бар - оқу дағдысы мен мәдениеті бір жылдың ішінде қалыптаспайды. Егер 10-20 жылдан кейін ұлтымыздың кітап оқитын болғанын қаласақ, бұл әдетті дәл қазір қалыптастыруды бастауымыз керек», - деді спикер ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

 
🔶Депутат Курултая: чтение – это показатель готовности нашего общества к будущему
 
Как отметил депутат Курултая Сергей Пономарев, важно много и вдумчиво читать, уметь анализировать, потому что сегодня чтение – это уже не только вопрос культуры.

«Это вопрос качества человеческого капитала и готовности нашего общества к будущему. Мы сегодня живем в условиях стремительного развития технологий, искусственного интеллекта, огромного потока информации. И вот в этих условиях человеку важно не только получать информацию, но и уметь анализировать эту информацию, отличать правду от неправды, видеть разные точки зрения и самое главное – самому формировать свои знания. Именно поэтому наша задача – не просто увеличивать количество прочитанных книг. Мы хотим сформировать устойчивую привычку читать, думать и постоянно учиться. Читать именно книги. И здесь очень важный стратегический момент – привычка и культура чтения формируются не за один год. И если мы хотим, чтобы через 10-20 лет нация была читающая, нужно начинать формировать эту привычку сегодня», – сказал спикер на пресс-конференции в СЦК.


@ortcom_kz #CCS
More from @ortcom_kz
  1. Sep 28, 2026video post
  2. Sep 28, 2026🔶Мемлекет жас жазушыларға айтарлықтай қолдау көрсетіп отыр Еліміздің Мәдениет және ақпара…
  3. Sep 28, 2026video post
  4. Sep 28, 2026🔶«Кітап оқитын ұлт - Читающая нация» марафонының қатысушылары 6 ай ішінде 15 кітап оқиды…
  5. Sep 28, 2026video post
  6. Sep 28, 2026🔶Елімізде «Кітап оқитын ұлт - Читающая нация» марафоны бастау алды Былтыр бұл бастама пил…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →