Былтыр бұл бастама пилоттық негізде Қарағанды, Қостанай облыстары мен Шымкент қаласында жүзеге асқан. Оған 189 мыңнан астам адам қатысты. Бұны «Кітап оқитын ұлт - Читающая нация» қоғамдық қорының төрағасы Бақытжан Тұрлыбеков ОКҚ брифингінде хабарлады. Оның айтуынша, пилоттық кезең өте маңызды тәжірибе болды.
«Біз жобаны асырудың негізгі тетіктерін тәжірибе жүзінде сынақтан өткіздік. Қатысушылардың белсенділігін, ұйымдастыру үдерісін, цифрлық платформаның жұмысын зерделедік. Осы тәжірибенің негізінде жобаның форматы мен механизмдерін жетілдірдік. Соның нәтижесінде биыл жоба жаңа форматта, яғни республикалық кітап оқу марафоны ретінде кеңейтіліп, еліміздің барлық өңірінде өткізуді қолға алып отырмыз», - деді спикер.
Жоба қоғамның әртүрлі топтарына арналған: мектеп оқушылары, ұстаздар, отбасылар, мемлекеттік қызметшілер және жасына немесе мамандығына қарамастан кітап оқуға қызығушылық танытқан кез келген азамат қатыса алады.
🔶В Казахстане стартовал марафон «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация»
В прошлом году инициатива прошла в пилотном формате в Карагандинской и Костанайской областях, а также в Шымкенте. В ней приняли участие более 189 тысяч человек. Об этом на пресс-конференции в СЦК сообщил председатель общественного фонда «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» Бакытжан Турлыбеков. По его словам, пилотный этап позволил проверить, как проект работает на практике.
«Мы опробовали основные механизмы реализации проекта, изучили активность участников, процесс организации и работу цифровой платформы. На основе этого опыта усовершенствовали формат проекта. В результате в этом году он расширен до республиканского марафона чтения, который охватит все регионы страны», – сказал спикер.
К марафону могут присоединиться школьники, учителя, семьи, государственные служащие и все, кто интересуется чтением, независимо от возраста и профессии.
@ortcom_kz #CCS
