TGViewer
ORTCOM.KZ ORTCOM.KZ @ortcom_kz · 3.13K subscribers
Post #57419 83
🔶Мемлекет жас жазушыларға айтарлықтай қолдау көрсетіп отыр

Еліміздің Мәдениет және ақпарат министрлігі кітап ісі және әдебиет бағыттарын дамыту үшін бірқатар маңызды бастаманы қолға алды. ОКҚ баспасөз мәслихатында жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, «Жылдың 10 оқырманы» жобасының комиссия төрағасы Мереке Құлкенов осы жобаларға тоқталып өтті.

«Осы бастамалардың бірі «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығы. Бұл сыйлық отандық қаламгерлерді қолдауға, шығармаларды ынталандыруға және қазақ әдебиетіндегі үздік туындыларды кеңінен насихаттауға бағытталған. Биыл «Айбоз» сыйлығы 5-рет ұйымдастырылып отыр. Ол «Үздік проза», «Үздік драматургия», «Үздік әдеби аударма» сынды аталымдардан тұрады», - деді М.Құлкенов.


Оның мәлімдеуінше, тағы бір маңызды бағыт - Жас қаламгерлерге арналған Президенттік арнаулы әдеби сыйлығы. Ол - әдебиет саласына келген жастарды нақты мемлекеттік қолдау тетігі. Оған 18 бен 35 жас аралығындағы қаламгерлер проза, поэзия, драматургия және балалар номинациялары қатысуға болады.

«Біздің ойымызша, мұндай сыйлықтардың ең үлкен мәні тек жүлде беруде емес, ол жас авторларға сену, сөз қоғамға қажет деген сенім береді. Ал, әдебиет үшін ең қажетті нәрсенің бірі - сенім», - деп түйіндеді спикер.


🔶Государство оказывает значительную поддержку молодым писателям

Министерство культуры и информации Казахстана реализует ряд инициатив по развитию книжного дела и литературы. О них на пресс-конференции в СЦК рассказал писатель, председатель Союза писателей Казахстана и председатель комиссии проекта «10 читателей года» Мереке Кулкенов.

«Одна из таких инициатив – национальная литературная премия «Айбоз». Она направлена на поддержку отечественных авторов, поощрение литературного творчества и популяризацию лучших произведений казахской литературы. В этом году премия проводится в пятый раз. Среди ее номинаций – «Лучшая проза», «Лучшая драматургия» и «Лучший литературный перевод», – сказал Мереке Кулкенов.


По его словам, еще одно важное направление – специальная Президентская литературная премия для молодых писателей. Это конкретный механизм государственной поддержки тех, кто начинает свой путь в литературе. В ней могут участвовать авторы от 18 до 35 лет в номинациях «Проза», «Поэзия», «Драматургия» и «Детская литература».

«На наш взгляд, главная ценность таких премий не только в награде. Они дают молодым авторам уверенность в себе и в том, что их слово нужно обществу. А уверенность – одна из самых важных вещей для литературы», –заключил спикер.


@ortcom_kz #CCS
More from @ortcom_kz
  1. Sep 28, 2026🇰🇿🇩🇪Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германия Федеративтік Республикасына ресми…
  2. Sep 28, 2026🇰🇿🇩🇪Касым-Жомарт Токаев по приглашению Федерального Президента Франка-Вальтера Штайнма…
  3. Sep 28, 2026photo post
  4. Sep 28, 2026🇰🇿🇩🇪Қасым-Жомарт Тоқаев Федеральдық Президент Франк-Вальтер Штайнмайердің шақыруымен Г…
  5. Sep 28, 2026video post
  6. Sep 28, 2026🔶Құрылтай депутаты: кітап оқу - қоғамның болашаққа дайындығының көрсеткіші Құрылтай депут…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →