«Жылдың 10 оқырманы» жобасы аясында саясат және зиялы қауым өкілдеріне арналған конкурстан тыс «Parasat» арнайы бағыты қарастырылған. Оның мақсаты - қоғамға ықпалы бар тұлғалардың жеке үлгісі арқылы кітап оқудың беделі мен құндылығын арттыру. «Parasat» бағытына Мәдениет және ақпарат министрі тіркелді. Әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген де жобаны қолдады. Әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Мо Ян арнайы бейнежазба жолдады. Бұл жайлы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Айзада Құрманова ОКҚ баспасөз конференциясында айтты.
«Жобаға қатысу ерікті әрі баршаға қолжетімді. Қатысушыларға қазақ және орыс тілдерінде тең мүмкіндік беріледі», - деді А.Құрманова.
Сондай-ақ спикер кітаптарды іріктеуге қатысты ақпарат берді. Мәселен, «Қазақстанның таңдаулы 100 кітабы», «Балалар кітапханасы» тізімі мен әлемдік бестселлерлерді негізге ала отырып, жоба үшін 345 кітап іріктелді. Әр санаттағы қатысушы 15 кітап оқиды.
Кітаптар тізімін ережеге сәйкес республикалық комиссия айқындады. Оның құрамына мемлекет және қоғам қайраткерлері, Құрылтай депутаттары, қоғамдық ұйымдар мен ұлттық кітапханалардың басшылары кірді.
🔶Для проекта «10 читателей года» отобраны 345 книг
В рамках проекта «10 читателей года» предусмотрено специальное внеконкурсное направление «Parasat» для политических деятелей и представителей интеллигенции. Его цель – повысить престиж и ценность чтения через личный пример людей, пользующихся влиянием в обществе. В направлении «Parasat» зарегистрировался министр культуры и информации. Проект также поддержал всемирно известный певец Димаш Кудайберген, а лауреат Нобелевской премии по литературе Мо Янь направил специальное видеообращение. Об этом на пресс-конференции в СЦК сообщила председатель Комитета архивов, документации и книжного дела Министерства культуры и информации РК Айзада Курманова.
«Участие в проекте добровольное и доступно каждому. Участникам предоставляются равные возможности на казахском и русском языках», – сказала Айзада Курманова.
Спикер также рассказала, как отбирали книги. Для проекта выбрали 345 произведений, взяв за основу списки «100 лучших книг Казахстана», «Детская библиотека» и мировые бестселлеры. Участникам каждой категории предстоит прочитать по 15 книг.
Список книг в соответствии с правилами определила республиканская комиссия. В ее состав вошли государственные и общественные деятели, депутаты Курултая, руководители общественных организаций и национальных библиотек.
@ortcom_kz #CCS
