«Жылдың 10 оқырманы» республикалық жобасы - Президент Жарлығында көзделген бастама. Ол 1 қыркүйекте кітап оқу марафонымен басталды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Айзада Құрманованың ОКҚ брифингінде айтуы бойынша, ведомствоның ұстанымы айқын: кітап оқу мәдениеті бір реттік науқанмен қалыптаспайды.
«Сондықтан біз кітап оқу мен зияткерліктің қоғамдағы беделін арттыратын тұрақты ұлттық жүйе қалыптастырып жатырмыз. Енді «Жылдың 10 оқырманы» жобасының ерекшеліктеріне тоқталайын. Ен бастысы, жоба өңірлерде нәтижесін көрсеткен тәжірибеге сүйенеді. Ол «Кітап оқитын ұлт - Читающая нация» қоғамдық қоры өткізген кітап оқу марафонының тәжірибесі негізінде жүзеге асырылады. Былтыр үш өңірде пилоттық форматта өткен марафонға 190 мыңға жуық адам қатысты. Әсіресе жастар белсенділік танытты», - деді спикер.
Осы нәтиже ескеріле отырып, биыл жоба барлық өңірде жүзеге асады. Мәдениет және ақпарат министрлігі жергілікті атқарушы органдармен және қоғамдық қормен бірлесіп жұмысты үйлестіріп отыр. Жоба қоғамның кең ауқымын қамтиды.
Оған жеті негізгі санат бойынша мектеп оқушылары, колледждердің білім алушылары, жоғары оқу орындарының студенттері, педагогтер, үш буын өкілдері қатысатын отбасылар, мемлекеттік қызметшілер және өзге де азаматтар қатыса алады.
🔶Проект «10 читателей года» будет реализован во всех регионах Казахстана
Республиканский проект «10 читателей года» – инициатива, предусмотренная Указом Президента. Он стартовал 1 сентября с марафона чтения. Вместе с тем, как отметила на пресс-конференции в СЦК председатель Комитета архивов, документации и книжного дела Министерства культуры и информации РК Айзада Курманова, позиция ведомства ясна: культуру чтения невозможно сформировать одной акцией.
«Поэтому мы выстраиваем постоянную общенациональную систему, которая будет повышать престиж чтения и интеллектуального развития в обществе. Главное отличие проекта «10 читателей года» в том, что он опирается на опыт, уже показавший результаты в регионах. Проект реализуется на основе марафона чтения, который проводил общественный фонд «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация». В прошлом году марафон прошел в пилотном формате в трех регионах и собрал около 190 тысяч участников. Особенно активно участвовала молодежь», – сказала спикер.
С учетом этих результатов в этом году проект охватит все регионы страны. Министерство культуры и информации координирует работу совместно с местными исполнительными органами и общественным фондом. Проект рассчитан на широкий круг участников.
Принять участие можно в семи основных категориях: школьники, учащиеся колледжей, студенты вузов, педагоги, семьи с представителями трех поколений, государственные служащие и другие граждане.
@ortcom_kz #CCS
